Ғалымдар ыдыс жууға арналған сорғыштың адам өліміне апаратындай зиянды екенін айтты
Неміс ғалымдары ыдыс жууға арналған сорғыштарда көптеген бактериялар болады деп тұжырым жасады. Мақала Scientific Reports журналында жарияланды.
Сорғыштағы бактериялар менингит пен сепсис ауруларын таратады. Бактериялар емделмейтін жұқпалы ауру таратады. Биологтар 40 ас үй сорғышын тексеріп, микроскоппен қарады. Нәтижесінде, ондағы бактериялар мен олардың құрылысын анықтады.
Микроб сорғышты беткі қабатында, ішінде болады. Ғалымдар сорғыштан адамға жұқпалы аура тарататын Chryseobacterium hominis және Moraxella osloensis бактерияларын тапты. Бұл микробтар дәріден жойылмайды. Одан өзге де бактериялар табылған.
Зерттеуге сәйкес, сорғыштар дезинфекциядан өткенімен барлық микробтар жойылмаған. Олардың тек құрылысын өзгерткен.