Жақында аптап ыстықтың беті қайтады
Жақын күндері Қазақстан территориясына Фин шығанағынан келетін ылғал және салқын ауа әсерінен республикамыздың басым бөлігінде ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Сонымен қатар кей жерлерде найзағай мен өткінші жаңбыр, жекелеген аудандарда бұршақ пен дауылды жел болады. Еліміздің басым өңірінде күндіз ауа температурасы 23-33 градус, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-38 градус болады, ал батыста 35-40 градус ыстық күтіледі.