Әйелдің бәрі сүю үшін жаралған!

Шығыста ерлер әйелдеріне жұмыс істеуге рұқсат етпейді. Неге? Егер әйел әлеумет арасында белсенді бола бастаса, ол бойындағы қуатын сол елге таратып кетеді. Содан кейін күйеуі мен баласына күш-қуаты қалмай қалады. Неге шығыстың еркектері әйелінің бүкіл ынта-ықыласы отбасыда қалсын дейді? Өйткені, олар әйелдің қуаты – бақыт пен берекенің қайнар бұлағы екенін жақсы біледі. Егер ер адам әйелін толық қамқорлыққа алса, жұбайының көңіл күйін көтеріп, материалды, моральды қорғай алса, сол қамқорлықтағы әйелдің арқасында отбасының ынтымағы артып, берекесі толады. Ері әйеліне деген қамқорлығын арттырса, әйелін қымбат киіндірсе, әшекейлер әперсе, еркелетіп, керектігін сезіндірсе, әйелдің жүрегі жағымды қуатқа толады, осындай көңілі тоқ әйелдің ықыласымен үйдің ішінің берекесі артады.
«Ведалар қоғамдағы үш түрлі адамдар қамқорлыққа зәру дейді. Олар: әйел, бала, қария. Баланы кім қорғайды? Әйел. Өйткені, әйел балаға етене жақын. Әсіресе, кішкене балаға. Әйел балаға бес жасқа дейін не беруі тиіс, білесіз бе? Қорған болуы керек. Ары қарай. Қарияларды кім қорғайды? Еркектер ме? Көзбен көріп пе едіңіз? Ол бір ерекше жағдайда ғана. Жүруден қалған қарт ата-анасына қамқорлық жасайтын ерлер болатынын рас. Бірақ өзінен үлкен адамға қорған болу, қамқорлық көрсету көбінесе әйелдердің мойнында. Қызының, келінінің. Сонымен қоғамда кімге қамқорлық танытқан дұрыс екен? Еркектерге емес. Олар қоғамның тірегі. Қоғамның айнасы. Дүниенің бәрі сол ерлердің ниеті мен талабының айналасында өрбиді. Сондықтан ведалар бойынша, еркек әйелді қамқорлыққа алу керек. Өзін сүйікті сезінген әйел тек отбасы үшін өмір сүреді. Егер әйел қалаған киіміне, әшекейіне қолы жетпесе, жеймін деген тәттісін ала алмаса, мереке-думанға қатыспаса, өзінің ортасында лайықты құрмет пен ілтипатты сезінбесе, ондай орта өздігінен бүлініп, тоза бастайды». 


Руслан Нарушевич
Аударған Шынар Әбілдә