Өткен апта аяғында «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратында орналасқан Аймақтық коммуникациялар қызметінде Атырау облысы әкімі Н.А.Ноғаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру» деген тақырыппен баспасөз мәслихатын өткізді.
БАҚ Атырау облысының жаңа әкімі Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі кемелден- діруде істі қалай бастағанын кеңінен әңгімеледі. Кәсіби мемлекеттік ап- парат құру қадамдары облыста ретімен ж ү р г і з і л у д е . О б л ы с т а ғ ы 1979 мемлекеттік қызметшінің жұмыстарын атқару, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың кесте-жоспары бекітілген. Жыл соңына дейін 346 мемлекеттік қызметкердің біліктілігін жетілдіру жоспарланып отырса, 49 маман қайта даярлықтан өтеді. Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған шараларға зор мән берілуде. Сот жүйесіне азаматтардың сенімділігін арттыру үшін және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Аты- рау облысындағы 47 сот залына 38 бейне-жазба жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін барлық сот залдарын бейнежазба жүйе- сімен қамту аяқталмақ. Жергілікті полиция қызметі жаңа құрылымда жұмыс жасай бастайды. Он- лайн тәртібіндегі қылмыстық құқық бұзу картасы бүкіл ел бойынша жасақталуда, мұның өзі бүкіл аймақтың қылмыстық ахуалын толық бақылап отыруға, ақпараттық, анықтамалық жеделдікке қол жеткізеді. Жаза мерзімін өтеп шыққандарға тәлімдік көңіл бөлінбек, жыл кезеңінде осындай 227 азаматтың жұмыспен қамтылуына қамқорлық жасалған, олардың 64-і тұрақты жұмысқа орналасқан, 356 азамат тегін дәрігерлік тексерілуден өтіп, ем алды. Индустрияландыру және экономикалық өсімді іске асы- руда Атырау облысында біршама жұмыстар жа- салып жатқанын айта кеткен жөн. Инду- стрияландыру картасы бойынша облыста 45 жоба іске қосылды, мыңдаған жаңа жұмыс орында- ры ашылып, жұмыссыздықты жоюда зор мүмкіндіктер жасалды. Өлке өндірісті аймақ болу- ымен алыс-жақын шетел инве- сторларын қызықтырып келеді. Қазіргі таңда бірлескен кәсіпорындар саны да өсе түскен. Облыста машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай хи- миясы, фармацевтика, тоқыма өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Олардың біразының игілігін жергілікті тұрғындар көре де бастады. Мысалы, жергілікті өндірілетін ет, сүт, бақша дақылдарының сан алуан түрлі өнімдері жаңа технологиялармен өңделіп, зама- науи орамдармен халық дастарқанына жол тарт- ты. Басқа жақтан шикізат пен өнім тасымалдау көлемінің азаюына игі ықпал етті. Өңір басшысы шағын және орта бизнесті дамы- ту тақырыбына айрықша тоқталып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына маңыз берді. Ауыл шаруашылығын дамытуда қолайлы мүмкіндіктердің мол екенін, мұны әлі де толық пайдалану қажеттігіне тоқталды. Мүлікті заңдастыру бойынша жұмыс жалғасуда. 2016 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша, облыста жалпы құны 10 млрд. теңге тұратын 1 254 арыз қанағаттандырылған. Одан бөлек, 5,2 млрд. теңге заңдастырылды. Соны- мен қатар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде- гі 106,4 млн. теңгенің м ү л к і заңды тіркелді. О б — лыста 1 қ ы р к ү й е к т ен бастап екі мек- теп пилоттық жоба бойынша жаңартылған жүйемен оқытылуда. ЭЫДҰ елдері стандарттарының не- гізінде адам капиталының са- пасын көтеруге бағытталған 12 жылдық білім беруді кезең- кезеңмен енгізу жоспарлы жүргізілуде. Пилоттық жоба аясында ұстаздардың еңбекақыларына 20 пайыздық қосымша ақы төленеді. Жоба бойынша жаңартылған жүйеге көшкен Атырау қаласындағы №17 лицей-мектеп пен Исатай ауданындағы Мырзағалиев атындағы орта мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Балабақшалар саны облыста 160-қа жеткенімен, кезекте тұрған бөбектерді толық қамти алмауда. Атырау қаласында 28 жекеменшік балабақша болса, аудандарда екеу-ақ. Бүгінде облыс көлемінде 37 жекеменшік медициналық мекеме халыққа қызмет етуде. Өткен 2015 жылы міндетті тегін дәрігерлік көмек көрсету шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындаған 61 дәрігерлік мекеменің 18-і жекемен- шік медициналық мекемелер. Әлеуметтік көмек беруді оңтайландыру мақсатында, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында пилоттық жобада «Өрлеу» жобасы қолға алынды. Бұған жергілікті бюджеттен 6 млн. теңге бөлінген. Жобаға 22 отбасы, яғни 129 адам тартылды. Нәтижесінде, олардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4 010 теңгеден 14 352 теңгеге дейін өсіп отыр. Облыстағы ірі кәсіпорындарда 21 Қоғамдық келісім кеңесі құрылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында 17 этно-мәдени бірлестік жұмыс істеуде.