Әкелші, андағы оқтауды мен орнына қоя салайын (әзіл)

Жұмыстан қайтар жолда достарымен жүріп, «қызыңқырап» қалған күйеуі үйіне түнделетіп, сағат үштердің шамасында бір-ақ оралады. Өзінше ешкімге білдіртпей келіп жата қалмақ болып, есікті ақырындап ашып ішке енсе, алдында қолына оқтау ұстап, ашуға булығып өзін күтіп тұрған «сүйіктісін» көреді. Сонда сасып қалған еркек:
— Жаным-ау сол, қашан келсем де қолыңда оқтауың, нанды жазасың да жатасың, жазасың да жатасың. Әбден шаршадың-ау өзің. Бір уақыт өзіңді аясаңшы, көгершінім-ау! Әкелші, андағы оқтауды мен орнына қоя салайын, сен жатып тынығып дем алшы, — деген екен.

«ЕлАна» қоғамдық-танымдық сайты