Астанадағы айтулы емхана
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі Астанадағы кешенді емдеу мекемелерінің ішіндегі бірегейі есептеледі. Оның сипатында «Медициналық орталық күзетілетін тұлғаларды, мемлекеттік қызметшілерді, одақтық және республикалық мәндегі дербес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді, жоғары дәрежелі ерекше белгілермен марапатталған тұлғаларды және азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық көмекпен, санаторлық-курорттық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органның қызметтерін бақылау және іске асыру құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады»- деген анықтама берілген. Жақында осы орталыққа арнайы барып бір азаматтың көңілін сұрап шығуымызға тура келді. «Қазақстан-Zaman» газетіне 2009 жылдан таныс азамат Алға Аснов еді бүл жігіт. Алғамен алғаш рет кездесіп отырсамда, өз бауырын көргендей жайраңдап қарсы алды. Денсаулығы жақсы, көңілі көтеріңкі екен. Газет ұжымына алғасын жаудырып жатыр. Бізде көп тосылмай әңгімемізді бастап кеттік.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының тумасымын, жасым биыл 43 ке толды. Үш балам бар, ел қатарлы өмір кешіп жүріп 2009 жылы кенеттен созылмалы бүйрек ауруына шалдықтым. Сонан 3-4 жылдай аурумен арпалысып қиналып жүрдім, өкінішке қарай үш баланы жалғыз өзім бағуыма тура келді. 2013 жылы амалдың жоқтығынан БАҚ- арқылы қоғамнан көмек сұрадым, телеарналардан журналистер келіп менің науқасым мен отбасылық қиыншылығым туралы сюжет түсіріп таратты. Баспананың жоқтығын айтпағанда, азық-түліктен де қинала бастаған едік ол кезде. Сол телеарнадан көрсетілгеннен кейін көп өтпей маған бір үлкен кісіден телефон келді. Дауысы құдды анамның дауысындай. Менің xал-жағдайымды телевизордан көргенін айта келіп өзін таныстырды. Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газеті бас директорының бірінші орынбасары Сәуле Мешітбайқызы деген апаң боламын, үмітіңді үзе көрме айналайын, кеше телеарнада сені қыспаққа алыңқырап жіберді-ау деймін. Барлығы орнына келер, қобалжыма»-деп жұбата сөйледі. Сөйтіп маған ақпараттық қолдау көрсететіндігін айтты. Газеттің ОҚО- дағы тілшісі Шадияр Молдабекті арнаулы жіберіп, менің жағдайымды егжей-тегжейлі жазып, «Шымкент қаласы әкімінің назарына» деген атпен жалпыға жария етті. Араға біраз уақыт салып, оңтүстікке келген сапарында өзі арнайы келіп жолықты. Қалалық әкімшілікке менің жағдайымды айтып үлкен өтініш жасады. «Мына азамат менің ешкімім де емес еді, науқасқа шалдығып, қиыншылыққа түсіп жатыр екен, қазақтың бір азаматы ғой, осыған бір жәрдем беріңдер»-деді, Алла сәтін салып, әкім апамның жасын силап, менің жағдайыма қарап дегендей қалалық әкімдіктен баспанаға ие болып шыға келдік. Қазір сол үйде тұрып жатырмыз. Онан кейін Алла тағала сәтін салып, медицина ғылымының докторы, нефролог Орынгүл Жақсыбайқызымен жолықтырды. Сәуле апайға xабарласып, жақсы дәрігермен танысқанымды айттым. Ол кісі бірден Орынгүл xаныммен байланысқа шықты, «қарағым мына Алғаға баспаналы болуына жәрдем етіп едім, сен енді денсаулығының түзелуіне көмектесші»- деп өтініш жасапты. Көп ұзамай Алматыдағы Сызғанов институтына шақыртылдым. «Хабар» арнасының «Нүкте» деген айдары арнаулы түсірілім жасады. Сол бағдарламаға келіп қатысқан Сызғанов институтының дәрігерлері өздерінің бар мүмкіндіктерін пайдаланып маған көмек беретіндіктерін айтып уәде берген еді. Ол кезде Орынгүл Жақсыбайқызы институттың бөлім меңгерушісі болып тұрған болатын. 2015 жылы шілденің 10 күні мені жедел түрде Алматыға шақырды. Сол арада барлық анализдерімді алып, түрлі тексеруден өткізгеннен кейін, маған мәйттен бүйрек алып салу отасын жасап бірақ шығарды. Марқұмның жақындарының келісімімен болды. Міне сонан бері жап-жақсы өмір сүріп келемін.
—Сіз оған дейін дәрі-дәрмектің көмегімен жүрдіңізбе сонда?
-Ауруым асқынғаннан бастап 6 жылдай гемодиализ деген жасанды бүйрек тәрізді апараттың көмегімен жүрдім. Күн аралатып Шымкенттегі емxанаға барып 4 сағат ем қабылдап қайтамын. Сосын кішкене әл жинап алып, балаларыма нан тауып беру үшін жұмыстар істеймін. Сол кездегі жалғыз үмітім, соңғы демім қалғанша балаларымды бағу еді. Ота сәтті өтті, сол кезде де «Қазақстан-Zaman «- газеті қуанышын білдірді. Бас редактор Ертай Айғалиұлы өзі келіп xалымды біліп қайтқан болатын. Сонан бері екі жыл өтті. Орынгүл Жақсыбайқызы өзі жеке бақылауында ұстап келеді. Биыл да бір тексеруден өтуім керек болған болатын. Тағы да Орынгүл xаным арнаулы квотаға енгізіп Астанаға шақырып Президенттің үлкен емxанасында қаралуыма жағдай жасап жатыр. Осылайша өмірде ойламаған қуаныштар алдымнан кездесіп келеді. Науқас адамның бұдан артық қандай қуанышы болсын?! «Қазақстан-Zaman»- газетіне, «Хабар» арнасына, Орынгүл xаным бастаған ақ халатты жандарға алғысым шексіз!!!
—Жалпы денсаулық жағдайыңыз қалай қазір?
-Ота жасалғанша үмітім аз еді. Шынын айтсам қуанудың не екенін де ұмытқандай болатынмын. Отадан кейін мүлде өзгеріп сала берді. Қазір басқаша. Үлкен қызым жұмысқа тұрып жатыр. Жан-жағымда жақсы адамдар көп екен. Құдайға шүкір, балаларым да осы рет Астанаға келді. Орынгүл Жақсыбай қызы «ЕХРО» ны көрсін деп өз жанынан қайрымдылық көрсетіп жатыр.
Алғаның ауруына қолынан келгенінше жәрдемін жасап жатқан ақ қалатты абзал жанмен жолықпай кету қисынсыз еді. Бізді Медицина ғылымдарының докторы, жоғары дәрежелі нефролог Орынгүл Жақсыбайқызы Нармановада жылы қарсы алды. Алғаның науқасы, жалпы емделу барсы туралы білгіміз келетінін жеткіздік.
Осы емхананың ақылы бөлімнің бас меңгерушісі болып жақында ғана ауысып келдім. Асанов Алғаны бірінші рет 2014 жылы «Хабар» арнасынан көрдім. Ол кезде Шымкенттегі Жедел жәрдем ауруxанасында бас нефролог болып жұмыс істейтінмін. Үш баласы бар екенін, әйелінің тастап кеткенін естігенде жүрегім қатты ауырды. Бізге бір-екі рет аса ауыр жағдайда келіп ем қабылдап қайтты. Мен іштей көмек берсем деген ойға келдім. Алайда науқас адам көп нәрседен үмітсіз еді. 80 пайызға жуық емдеу, тексеру барысы тегін болғанымен тереңдей тексеру үшін де біраз қаражат керек болатын. Сол кезде Алға менімен шешіліп сөйлеспейтін. Өзінің ешкімге сенбейтіндігін, тірліктен үміті аз екенін айтатын. Тірі донр жоқ, тереңдей тексерулер жасауға ақшасы да тапшы. Сөйтіп біздің емханадағы гемодилиіздің көмегінде емделіп жүрді. Арада біраз уақыт өткенде Алматыдағы Сызғанов атындағы Ғылыми xирургия орталығы жұмысқа шақырту алып, институттың бүйрек трансплантологиясы бөліміне жауапты болып алмасып келдім. Сонда қызметте жүргенде бір мәйіттің бүйрегін жақындары донорлыққа беруге келісімдерін берді. Мен Алғаны шұғыл шақырып алдым. Жалпы бүйрекке мұқтаж үш кандидат бар еді, қалған екі науқастың анализдері сәйкес келмей, Алғаның жағдайына тура келді. Сөйтіп xирургтар бригадасының күш салуында, ота сәтті аяқталды. Алғаның денсаулығы әлсіз, отадан кейін де бірден аяққа тұрып кетуы қиын еді. Кейбір науқастарға траснплатция жасалғанымен де ол жаңа ағзаға сәйкесе алмай оқыс жағдайға түсіп жататыны да болады. Ақырындап қиын кезеңнен құтылғандай болдық. Алғаның жағдайы түзеле бастады. Қазірде жеке бақылауымда тұр. Облыс орталықтарында білікті мамандардың тапшы ғой, сол себепті Алғаны осында шақырдық. Мұнда урологтар мен басқада мамандар тексеріп қарап шықты. Жағдайы жақсы.
—Осындай ота жасау туралы еліміздің медицина саласының деңгейі қандай?
— Бүйрек трансплонтологиясы төңірегіндегі жұмыстар елімізде 2010 жылдан бері дами бастады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 8 орталықта осындай отаны жасай алады. Отаны жасауды, бүйректі көшіруді меңгерген xирургтер көбейіп келеді. Ал жалпы еліміз бойынша 5000 ның төңірегіндегі науқастар гемодиализдің көмегімен қан сүздіру арқылы өмір сүріп жатыр. Алайда отадан кейінгі жағдайын зерттеп, қатысты ем-шаралар ұйымдастыру қызметі дұрыс жасалмай келе жатыр. Астана мен Алматыдан өзге жерлерде мамандар тапшылығы байқалады, болған күннің өзінде арнаулы трансплантация туралы білімдері таяз. Сондықтан науқастарға өте қиын, ауыр препараттарды қолданатын адамдардың жағдайын жіті бақылап отыру керек. Ай сайын қан орталығында тексеріліп, қабылдайтын дәрілерінің дозасын да соған сай теңшеп отыру қажет. Олар инфекцияға тәуелді, инфексиядан өліп кетуі де мүмкін. Осы төңіректе атқарылуға тиісті жұмыстар көп, осының барлығына кешенді түрде талдау жасап, емдеуді ұйымдастыра алатын 5-6 ғана дәрігер бар Қазақстан бойынша. Сондықтан бұл мәселені біздің ауруxана бас болып қолға алып жатыр. Мысалы біз қазіргі таңда осындай реблетацияны ақылы түрде бере аламыз. Аудандардағы амбулаторлық емxаналарға қаралып жүрген науқастарға электронды түрде кеңес беруді бастадық. Біздің емxананың кассасына (сайттағы көрсетілген есеп шотына) 1000-2000 теңге төлеп, қажетті кеңестерін алуына болады. Мысалы мен қазір ватцап арқылы 150 науқасқа тегін кеңес беріп жүрмін. Алайда жалғыз өзім барлығына уақыт тауып отыруым қиын. Соны жүйелі түрде жолға қоюды бастадық, бірнеше нефролог ұйымдасып, қаладағы трансполонтологиялық орталықтың мамандарымен бірлесіп кеңес беруді жолға қойып жатырмыз. Реблетацияны ақылы түрде бере аламыз. Біздің терепия бөлімінде нефрологиялық көмек көрсете аламыз. Және ақылы бөлімде ЧЕКАП арқылы бүйректі тексеруді алып барамыз, және прпилактикалық алдын-алу жолдарын тауып ауруларды терминалдық сатысына бүйрек транплонтациялық сатысына алып келмеу үшін тексеру керек. Аурудың алдын-алу, диягностика жасау қатарлы, диягностика жағында біздің орталықта өте жақсы апаратымыз бар. Бұл ТМД аумағында бізде ғана бар, ол апараттың көмегімен бүйректі тесіп лабаратория арқылы микроскоппен көре аламыз. Осылайша бүйрек науқасын асқындырмай емдеу үшін жаңа зерттеулер алып барып жатырмыз.
—Бүйректі ауыстыру отасы жасалғаннан кейін жалғасты дәрі қабылдап отырама?
-Иә, мұндай отаны қабылдаған адамдар өмір бойы дәрі ішіп жүреді, жаңа организмге сәйкесу үшін солай істеу керек. Негізі жаңа ағзаға сәйкесу барысында иммунитетті төмендету қажет болады. Ал иммунитет төмендегенде инфекия бас көтере бастайды. Сондықтан қабылдайтын дәрілердің дозасы үнемі айнымалы күйде болады. Бұл мұқият қадағалауды қадет етеді. Тіпті өлім де болуы мүмкін, сондықтан мұндай науқасқа жалғыз нефролог қана емес уролог, инфекиянист, терапиф, xирург, трансплантолог барлығы бірілесіп қарау керек. Қазақстанда бүйрек ауыстыру отасынан кейін 20 жыл дәрі қабылдап келе жатқан науқастар бар. Егер ауыстырылған бүйрек жарамсыздық таныта бастаса оған екінші немесе үшінші рет бүйрек трансплантатциясын жасауға болады. Тек сәйкес келетін донр табылса болғаны.
—Осы сала бойынша біздің деңгейіміз қаншалық?
-Қазақстанда өз азаматтарымызға бүйрек ауыстыру отасы тегін жасалады. Мәйіт донор болсын, тірі донор болсын лайықты донор табылса болғаны. Еуропа елдерінде гемодиализ болсын, трансплантация болсын 1000 аппарат немесе көшірілетін ағза 1000000 адамға тура келеді. Ал бізде болса миллион адамға 100-150 ден. Яғни миллион адамның ішінде 150 адамға ғана жеткілікті апарат пен мүмкіндік бар деген сөз. Бұл өте төмен көрсеткіш. Егер біздің елде мәйіт донорлығы көбейсе, бұл қиыншылықты шешуге көп септігін тигізер еді. Ал тірі донор болудың қиыншылығы өз алдында. Ал ота жасау теxнологиясы ешкімнен кем емес.
—Әңгімеңізге рахмет!
Ерқазы сейтқали