Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе…

Көптеген қыз-келіншектер күйеуінің өзіне көңілі толмайтынын айтып жатады. Осы тұрғыда «не жасасам да жақпай-ақ қойдым» дейтін әйелдерге келесі кеңестерімізді ұсынамыз:

  1. Жұбайыңызға деген махаббатыңызды көрсете біліңіз. Себебі ер адам үйінде өзін жақсы көретін әйелдің күтіп отырғанын көргісі келеді.
  2. Мақтап тұруды ұмытпаңыз. Ерлер мақтағанды ұнатады. Бұл олардың табиғатына тән.
  3. Қиын сәттерде қолдау көрсетіңіз.
  4. Сыйлық жасап тұруды да естен шығармаңыз.
  5. Тамақты дәмді әрі уақытылы дайындаңыз. Себебі қарны аш адам ашуланшақ келеді. Үйдегі мәселелеріңізді ол тойып, тынығып болған соң айтыңыз.
  6. Өз-өзіңізге көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүріңіз. Жұбайыңыз бен балаларыңыздың жағдайын жасаймын деп жүріп, өзіңізді «ұмытып» кетпеңіз.
  7. Күйеуіңізді тәрбиелеуге тырыспаңыз. Ер адамдар өзіне бұйыра сөйлеп, жөнді-жөнсіз ақыл айта бергенді жек көреді.
  8. Оған еркіндік беріңіз. Әрбір басқан қадамын аңдып, минут сайын қоңырау шалып, оның мазасын ала бермеңіз. Орынсыз қызғанышқа жол бермеңіз.
  9. Күйеуіңзді бақытты етуде тағы бір айта кететін жәйт, оны ешқашан ешуақытта ешкіммен салыстырмаңыз.

Күйеуіңіздің көңілінен шыққыңыз келсе…

Кейбір әйелдердің: «Не істесем де күйеуіме жақпай-ақ қойдым» деп жатқандарын естіп қаламыз. Расында, неліктен олай? Ер адамдар соншалықты «қатал» ма? Жоқ. Керісінше, ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда жұмсақ, мейірімді, көнбіс келеді. Тек оны «жақсы тани алсаңыз» болғаны. Келесі айтылғандар күйеуіңіздің көңілін табуға міндетті түрде көмектеседі:

Алланың разылығы – күйеуіңіздің разылығында екенін ұмытпаңыз. Ол не деген сөз? Яғни, қарсылық танытпау, айтқанын орындау, кешіріммен қарау, сыйлау және т.б.

  1. Бірнәрсе айтса бірден «тұтанып» «жоқ!» деп шыға келмеңіз. Олай істегеннен гөрі былай дұрыс болады деген жылы сөздермен түсінісуге тырысыңыз.
  2. Ешқашан айтқаныңызды істетуге тырысып, «қасарысып» (қырсығып) отырып алмаңыз.
  3. Ешуақытта өтірік айтпаңыз.
  4. Ер адамдар тазалықты (барлық мағынада) жақсы көреді.
  5. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліңіз.
  6. Оны жақсы көретініңізді жиі айтыңыз.
  7. Күйеуіңізді сыйлаңыз.
  8. Ер адамдар мақтаусүйер келеді, бұл олардың табиғатына тән. Сондықтан мақтап тұруды ұмытпаңыз.
  9. Жұбайыңыздың туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу да оған ұнайды.
  10. Жұмыстан келгенде міндетті түрде күліп қарсы алыңыз.
  11. Көбірек сырласыңыз.

«ЕлАна»