Сапарда жүргенде, отбасыңа қамқор бол

Ағымдағы жылдың 18 тамызында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Теміржол вокзалы» ғимаратында «Сапарда жүргенде  отбасыңа қамқор бол!» атты алдын алу шарасы өткізілді. Акция әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ инспекторларымен, Астана қаласы ЖПҚ-нің және «Қорғау-Астана» жеке қорының өкілдерімен, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар үшін дағдарыс орталығының баспанасымен жүзеге асырылды. Ондағы басты мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және жолын кесу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгерлік кеңестер беру тұрғындарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құтқару. Сондай-ақ отбасылық қатынастардағы қылмыстар туралы хабардар ету, әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын болдырмау жөніндегі шаралармен халықты таныстыру.

Аталған іс-шара шеңберінде аз қамтылған азаматтарға отбасын қамтамасыз ету үшін құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарды түзету және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттемелерді тиісті түрде орындау. Бұдан басқа, әйелдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің алдын алу мақсатында бүктемелер мен парақшалар таратылды.

Іс-шара барысында 150-ден астам адам кеңес алды.

Тұрғын үйде зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстар бойынша Астана қаласы ІІД ЖПҚ ККЖК инспекторларымен тұрақты негізде жүргізіледі.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің алдын-алу және болдырмау мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыру, құқықтық  және психологиялық көмек көрсету үшін, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу сондай-ақ әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, Астана қаласы ІІД ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері «Қорғау-Астана» жеке қорымен және «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілдерімен бірлесе отырып «Темір жол вокзалы» ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған «Сапарда жүргенде  отбасыңа қамқор бол» атты әлеуметтік кең ауқымды іс-шара өткізді.

Іс-шараны өткізу барысында некені сақтап қалу және ерлі – зайыптылардың қарым-қатынасын сақтау,  кәмелетке толмаған балаларды  тәрбиелеу, ерлі-зайыптылар және ата-аналар өз міндеттерін орындау барысындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша заңнамалық, психологиялық көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілді. Сондай-ақ айелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсіту мәселесі  жайлы ақпараттар жазылған бүктемелер мен брашуралар жүргіншілерге таратылды.

Іс-шара кезінде 150-тен астам адам кеңес алды. Іс-шараны өткізу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары анықталған жоқ.

Астана қаласы ІІД ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы ақпараттандыру және алдын-алу жұмыстарын бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізетін болады.