Мүсілім Ермековтың Октябрь Жарылғаповқа айтқаны

Қазақтың атақты саңлақ волейболшысы Октябрь Жарылғапов Алматының зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында Мүсілім Ермеков ректор болып тұрған кезде оқыса керек. Атақты спортшы СССР құрама командасының мүшесі болған соң, жарыстарға жиі-жиі шығып жүріп, бес жылдық оқуды жеті жылда барып бітірсе керек. Баяғыда оқуға түскенде бір рет көрген ректор оқу бітіріп, диплом алар кезде екінші рет көріп тұрған Октябрьге қарап:
— Қарағым-ай, лыпысыз келіп едің, сол лыпымен кететін болдың-ау! — деген екен.