Астанада Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндері өтті
Халықаралық мамандандырылған «EXPO – 2017» көмесі аясында 24 тамыздан 27 тамызға дейін Елорда төрінде Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндері өтті. «Орысы ормандай, азағы қадау-қадау» аққайыңды өлке, Астанадағы думанға мол әзірлікпен келді. Кезектегі мәдениет күндерін өткізуге 400- ден астам қатынасқан екен. Бұл туралы 21 тамыз күні, ОКҚ- де өткен «Астанадағы Солтүстік Қазақстан облысының күндері» тақырыбында баспасөз конференциясында облыс әкімдігінң аппарат жетекшісі Мадияр Қожахмет баян еткен болатын. Аталған шараға Мадияр Қожахметтен өзге Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры БіржанЖалғасбаев пен Солтүстік Қазақстан облыстық филормониясының «Әдемі-ау» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Расима Сучкова қатысты. Мадияр Қожахметтің айтуына қарағанда, Астана қаласының сегіз алаңында 11 күн бойы Солтүстік Қазақстан облысының мазмұны бай шаралары өтеді. «Мәдени шараларға 400-ден астам адам қатысады, олардың ішінде Солтүстік Қазақстанның даңқын асырған мәдениет қайраткерлері, облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысушылары, әншілер, әртістер, сәндік-қолданбалы өнердің шеберлері бар. Біздің мәдени бағдарламамыз экспозициялық-көрмелік және театрлық-концерттік бағытта көрсетілетін болады. Көрме үшін республикаға белгілі шебер және біздің жерлесіміз Мәди Қажы қолдан жасалған сирек кездесетін және бірегей музыкалық аспаптар әзірледі, олардың ішінде ескі технологиямен әзірленген жетіген, адырна, шаң қобыз бар. «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде солтүстік өңірдің сәндік-қолданбалы өнерінің танымал шеберлерінің ауқымды көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Көрмеге әртүрлі материалдардан жасалған бұйымдар қойылады. Сегіз қанатты киіз үйде «Атамекен. Әкелер жері» атты тарихи мұражай көрмесінің 700-ден астам жәдігері орналасады. Мұнымен қоса Солтүстік Қазақстан облысы барлық өңірлердің ішінен алғашқы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Солтүстік Қазақстанның қасиетті жерлері туралы айтып, көрме өткізетіндігі, латын һәрпіндегі бірегей құжаттарды, қазақ-орыс қатынастары туралы материалдарды, СҚО-ның мұрағатында сақталған 1800 жылғы мешіттер мен шіркеулердің сақталып қалған тіркеу кітапшалары»,- деді Мадияр Қожахмет. Аталған баспасөз жиналысынан алда болатын бөгенайы бөлек көрмелер туралы толық ақпаратты алып қайтқан едік. «Мың естігеннен бір көрген артық» дегендей бұдан кейінгі уақытымызды Астананың белгілі аумақтаындағы той-думанды арнадық.
«Аққайыңды аймақтың» Астанадағы сауығы
21 тамыздан 31 тамызға дейін 11 күн ішінде «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде арнайы жабдықталған киіз үйлерде солтүстік Қазақстандық суретшілер мен қолөнер өнер шеберлерінің шеберлік-кластарын өткізумен, көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Этноауыл» кешенінің үлкен қақпасынан кірген бойда сол жақ шетін ала тігілген ақ шаңқан үйлерде орналасқан әр түрлі жәрмеңке, келушілерді өзіне баурады. мұнда келушілер ұлттық музыка аспаптары мен ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарды, құрақ көрпелер мен кестелі бұйымдарды, бағалы метелдардан жасалған әшекейлерді, саз балшықтан жасалған түрлі кәде-силарды арзан бағамен сатып алып жатты. Теріскейден келген жәрмеңкенің өзгелерден бір ерекшелігі, мұнда дайын бұйымдардан гөрі, шеберлер жұрт алдында өнерлерін көрсете білгендігі еді. ұйымдастырушылар тарапынан алдын-ала хабардар болғанымыз бар еді. Өздерінің өнер туындыларын көрмеге қоюмен қатар, келушілердің көз алдында, бұйымдардың қалай дайындалатындығын да көрсетіп отырған шеберлерге жұрттың барлығы тамсана қарасып қызықтап жатты. Ольга Ермак (тастарды пайдалана отырып, сутуаж әшекейлерін дайындау), Әлия Бельденова (ұлттық стильдегі интерьер қуыршақтар), Елена және Борис Козловы (ағаш қабығынан жасалған бұйымдар), Дауенова Кағира (тігін ісі: көрпе, дастархандар, қалыңдықтар үшін дүние-мүлік), Светлана Холопова (киізден жасалған бұйымдар), Болатбек Каклдыров және Қанат Айдарханов (ағаш бойынша кесу: астау, ожау, кесе) және басқалары, Солтүстік Қазақстан облысының арнап тіккен сегіз үйінде «Атамекен» көрмесінің көрігін қыздырды. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын кейбір азаматтар, бұйымдардың қалай дайындалатындығын көздерімен көріп, «тегін шеберлік-кластан» өтіп жатты. «Әкелер жері» Солтүстік Қазақстан облыстық мұражай бірлестігінің қоры, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен таныстырды. Көрмеде Солтүстік өңірдің аңшылық құрал-жабдықтары, ат әбзелдері, батырлардың қару-жарағы, музыкалық аспаптар, ер және әйелдер киімі, ас үй бұйымдары, суретшілер суреттері жұрт назарына ұсынылды.
Бас қаланың тұрғындары мен қонақтарына арналған сауықтың басы 24 тамыз сағат 18.00-ден-20.00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің жанындағы алаңда Солтүстік Қазақстан облысы туралы деректі фильм және «Есіл өңірінің жұлдыздары» мерекелік концертімен басталды. Осылайша жалғасын тапқан тамылжыған тәтті әуендер мен мың бұралған билер қаланың әр түкпірінде жалғасып жатты. 26 тамыз сағат 15.00-ден 20.00- ге «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Сегіз Сері» қазақ халық аспаптар оркестрінің, «Балқадиша» вокалдық тобы, «Айнар», «Самғау», «Әлем» эстрадалық топтардың қатысуымен концерттер өтті. 26-27 тамыз күндері асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, жамбы ату, аударыспақ, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар да келушілерге тамаша көңіл-күй силады. Солтүстік Қазақстан облысының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі мәдениет күндерінің шарықтау шегі 27 тамыз күні сағат 21.30-да өткен «Қызылжар елі – Жемчужина Казахстана» гала концерті еді. «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің «Амфитеатр» алаңындағы концертті тамашалауға келген халықтың қарасы мол еді. Солтүстік Қазақстанның тумалары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзев пен Дәурен Глымовтың қатысуымен өткен гала концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, Сочиде өткен «Новая волна-2017» халықаралық балалар әнінің байқауында еліміздің намысын қорғаған Әмина Жапар қатысты.
Кезектегі ауқымды шара аясында, солтүстіктің театр ұжымдары да Елорда көрермендеріне өз қойылымдарын ұсынды. 25 тамыз сағат 19.00-де Н.Погодин атындағы драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры залында, Астана көрермендеріне Н. Гоголдің «Ночь перед рождеством» атты қойылымын силады. 25 тамыз сағат 18.30-да С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ-музыка драма театры, Астанадағы өнердің ордасындай болған «Қаллеки театрында» орыстың классик шығармасы «Ревизорды» сахналады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының көрмесі
2017 жылдың 24 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесіп «Қазақстанның жаңа тарих белесі» атты тарихи-құжаттық көрмесін өткізді. Мұрағатының көрме залында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының сирек кездесетін және бірегей материалдар көрмесінің алғаш рет таныстырылымы өтті. Бірнеше бөліктерден тұратын көрмеде: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтық Солтүстік Қазақстанға іс-сапарлары»; «Тәуелсіздік туын көтерген Аблайхан»; «Петропавл қаласының тарихы сәулет ескерткіштер фотосуреттерде»; «Солтүстік Қазақстан облысына 80 жыл»; «Қызылжардағы Алаш қайраткерлері»; «Солтүстік Қазақстанның айтулы есімдер галереясы»; «Қызылжардағы киелі жерлер»; «Латын әріпімен жазылған архив құжаттары» келушілер назарына ұсынылды. Архивтің директоры Сәуле Маликова жиналған жұртқа, атақты Мағжан ақынның қолжазбасы туралы айтты. «Көрмеде мешіттер мен шіркеудің метрикалық кітаптары, Қазақ хандығының тарихы мен 18 ғасырдағы шетел архивтерінің құжаттары мен құжат көшірмелері, «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» қызметіне қатысты бірегей құжаттар ұсынылады. Бұдан бөлек алғаш таныстырылатын құнды материалдардың бірі – ақын Мағжан Жұмабаевтың осы уақытқа дейін құпия сақталып келген қолжазбасы. Бұл құжат бұрын құпия сақталып келген. Алайда, одан «аса құпия» таңбасы алынып тасталды. Құжат 1922 жылдың 20 тамызы күні облыста аштық болған кезде жазылған», – дейді Сәуле Маликова. Қызылжар елі бүгінде Алаштың айбоз ақыны Мағжан Жұмабаевпен мақатанды. Күллі Алаш жұртының сүйікті перзентінің артында қалған еңбектері, қазақ елі егемендігін алғаннан бері үздіксіз жинақталып кемелдену үстінде. Күні бүгінге дейін өлімінің өз алуан түрлі жорамалданып келген Мағжан ақынның қолжазбасы, осы реткі көрмедегі ең таңдаулы, ғажайып жәдігер десек қателеспейтін едік. Қызылжар тарихи қала, бұл жерде Хан Абылайдан да ескерткіш қалған. Алаш арыстарының ізі жатқан қасиетті мекен ежелден қазақтың ата қонысы есептеледі. Қызылжардың іргесіндегі «Ботай қыстағы» туралы айтсақ тіпті алысқа кетеміз. 1752 жылдан бастап іргесі қалана бастаған «Әулие Петр» қамалы уақыт өтке келе «Петропавл» атанды. Осы қамалдың айналасында бой көтерген «Қызылжар» қалаында қазақтардан өзге татар, орыс халықтары өмір сүрді. Бір тарихи деректерде 1759 жылдан бастап Абылай ханның бастамасымен әр жылы тұрақты түрде жәрмеңке өткізіліп тұрған деседі. Арада қанша уақыт өтіп, қазақтар өз жерінде өгейдің күйін кешіп жүрседе, қаланың «Қызылжар» атауын өшірген жоқ. Сол рухы асқақ елдің арасынан талай би-шешендер мен абыздар, ақын-жыраулар, даңықты қолбасылар мен батырлар шықты. Қожаберген жырау, Тоқсан би, Біржан сал, Сегіз сері, Ақан сері, Үкілі Ыбырай Толыбай сыншы, бертінгі тарихта аты аңызға айналып кеткен ақиық ақын Мағжан Жұмабаев, қазақ әдебиетінің классиктері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және Иван Шухов, күміс көмей әнші Ермек Серкебаев республикамызға ғана емес, бүкіл түрік әлеміне танымал. Қазақ әдебиетінің көшін өрге сүйреген Сафуан Шаймерденов те, көзі тірісінде-ақ әдебиет «серісі» атанған Сәкен Жүнісов те, тек «Жез киікпен» ғана емес, жүздеген әннің сөзін жазған ақын, мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықов та, қарапайым қазақ ауылының тәрбиесін көріп, үш тілде бірдей көсілген, қазақ әдебиеті классиктерінің 150-ден астам шығармасын аударған, сөйтіп «нағыз қазақ» атанған Герольд Бельгер де, Қарағанды университетіне есімі берілген академик, ғалым, жазушы, аудармашы Евней Букетов те, Қызылжар өңірінің тумалары. Осындай бай тарихы мен тарихи тұлғалары бар қала, өзінің бай мұрағатымен де мақтана алатындығын паш етті кезектегі «ЕХРО-2017» көрмесі аясында. Шыны айту керек, Солтүстік Қазақстан облысының бұл қадамы өзге облыстарға үлгі болса қанеки!!!
«ЕХРО-2017» көрмесіне орай Астанада өткізіліп жатқан облыстардың мәдени күндері, қаланың көркіне көрік қосқан шаралардың бірі болып жатыр. Әр облыс өзіндік даралығымен көзге түсуді, өзінде барды жұртқа көрсте білуді мақста тұтары анық. Осылардың ішінде «Қазақстанның солтүстік қақпасы»-нан келген Қызылжарлықтардың жұрт назарына ұсынған тарихи құжаттар көрмесі- бөгенайы бөлек жоба ретінде есте қалды.
Теріскей- инвесторларға қолайлы аймақ
Өндірісі өрге басып келе жатқан Солтүстік Қазақстан облысы жайқалған астығымен де, сұлу тәбиғатымен де ерекшеленетін аймақ. Жоағарыда айтып өткеніміздей дарындылар мен таланттылардың «отаны» Солтүстік Қазақстан, соңғы кездері Елбасы жолға қойып келе жатқан «шетел инвестициясын тарту» бағытында да өнімді жұмыс атқарып келе жатқан облыс. Еліміздің астық қамбасына қомақты үлес қосып, «Қазақстан астық экспортындағы көшбасшы мемлекет» салауатына демеу беріп отырған алтын дәнді аймақ, ауыл шаруашылығымен қоса, өндірістің өзге салаларын да дамытуға талпынып келеді. Облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту және тиiмдi, сенiмдi және ұзақмерзiмдi инвестициялық байланыстарды орнату, сол сияқты өңiрде инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың өзектi мәселелерiн шешу жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Жақында ғана Қызылжарда өткен «Инвесторларды тарту және облыстағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi Өңiрлiк кеңестiң III отырысында» жалпы сомасы 100 млрд. теңгеден асатын 20-дан астам меморандумға қол қойылыпты Оған әлемнiң 7 елi мен Қазақстанның өңiрлерiнен 200-дей адам қатысқан екен. Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетов пен Қытайдың «Yan De Rui Gong Mao Co Ltd» компаниясының бас директоры Baн Тянь Де 65 млрд. теңгенiң меморандумына қол қойған. Қытайлық компания Петропвл қаласынан индустриялық парк салмақ. Онда өндiрiстiк цехтар, оқыту цехтары, даму институты ашылады, Сондай-ақ сұранысқа қарай арнайы машина техникаларын шығармақ. Былтырдан бері қолға алына бастаған «Тайынша-Май» зауыты, жақында ресми өндіріске кірісіп кетіпті. Қытайлық инвестордың көмегімен салынған өндіріс орнында 70 адам жұмыспен қамтамасыз етiлген. Жаңа цехтың қуаттылығы тәулiгiне 400 тонна тазартылған өсiмдiк майын шығару. Ол Қазақстандағы шикiзат өңдейтiн және май тазартатын ең iрi зауыт саналады екен.
Солтүстіктің игі бастамалары туралы айта берсек бір мақаланың көлеміне симасы анық. Біз өз кезегінде, астықты аймақтың мәдени өмірін тілге тиек еттік. Әрі өңірдің дамуға бет алған тың жобалары туралы қысқаша тоқталдық. Қамбасы дәнге, даласы әнге толған қасиетті өлкенің алдағы алар асулар көп болғай!
Ерқазы Сейтқали