Қонақтарға ой салған — Өзбекстан павилоны

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне жасаған кезекті саяхатымызды Өзбекстан павилонына бағыттадық. Мұның өзіндік мақсаты да жоқ емес-ті. Жаңа энергия көздерін ашып, пайдалану мен қоршаған ортаны ластамайтын «жасыл» өнімдер өндірісімен айналысып жатқан Жапония, Германия, Қытай, АҚШ сияқты алпауыттарды талассыз мойындап тұрсақ та, даму жолына бет бұрған жас мемлекеттердің бұл саладағы болмашы жетістіктерінің өзі, тыңға түрен салғанмен бірдей екені тағы бар. Оның үстіне күні кеше ғана бір саяси кеңістіктің астында өмір сүрген, түбі бір туысқанымыз, айрылмас көршіміздің, адамзатқа төніп келе жатқан экологиялық апаттарды болдырмау үшін, «міндетті түрде зиянсыз, жасыл энергияны тұтыну» бағытындағы тың жобаларымен танысыу қызықты еді.

Өзбекстан павилоны

1350 шаршы метр аумақты алып жатқан Өзбекстан павильоны екі қабатқа бөлініп орналасыпты. Кіре беріс залда негізінен Өзбекстанда жасалған, энергия саласына қатысты өнімдер мен болашақ жобалар таныстырылған. Мұнда Өзбекстанда жиналатын Оңтүстік Кореялық «DAEWO» компаниясына тиеселі «Matiz» көлігінің, энергияны барынша үнемдеп пайаланатын үлгісі қойылыпты. Бұл биокөлік жанар-жағар майды аз тұтынуымен ерекшеленеді екен. Толық құрастырылып біткен автомобиль суда да қозғалыс жасай алатын көрінеді. Тағы да бір маңызды ерекшелігі таза судан қозғалыс кезінде сутегін шығаратындықтан атмосфераға улы заттар шығару 80 пайызға төмендейді екен. Бұдан бөлек саяхатшыларды қызықтыратыны, Ташкенттегі Турин политехникалық университетінің базасында жасалған автомобиль еді. Күннен қуат алатын көлік төрт сағат ішінде жинаған қуатымен 700 шақырымдық жолды бағындыратын көрінеді. Бұл көліктің қазіргі таңда әлі де жетілдірілу үстінде екендігін айтқан жөн. Өзбек елінің жоспары бойынша мұндай көліктер 2030 жылдан бастап өндіріске шығарылмақ. Өзбекстан тәуелсізідігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде нарықтық экономикаға көше қоймаған ел. Алайда өндіріс ошақтарын жандандыру мен машина жасау саласына мемлекеттік деңгейде назар аударылыған. 1996 жылы Оңтүстік Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Бұл орта Азия бойынша ірі өндірістің қатарына жатады.

Келесі бір қызықты дүние «Артель» компаниясының механикалы смартфоны. «Бұл AR 2025 модельді смартфонның прототипі, механикалық сағат принципі бойынша жұмыс істейді. Өзінен-өзі қуатталатын болашақтың телефоны су өткізбейтін корпусты, қуат көзі жоқ, қуатты механикалық сағат принципімен өзін қолданатын иесінің қозғалыс кезіндегі энергиясынан алады. Смартфонды 2030 жылы нарыққа шығарылады»- дейді көрмені таныстырушылар.

Павилон ішіндегі сутегілік дәнекерлеуші аппарат та өзбек елінің өнер туындысы саналады. Аппарат дәнекерлеу, кесу, желімдеу кезінде ацетиленнің орнына водород-сутегін қолданады, пісірілген, желімделген жер сапалы болып шығады, металды отпен емес токтың күшімен дистилированная судан сутегі мен оттегінің бөлінісінен пайда болатын сутегілік ыстық газбен өңдейді. Болат, түсті металдар мен бағалы металдар, шыны, шойын, керамиканы өңдеуде таптырмайтын аппарат үшін тек қана су болса жеткілікті екен. Павилон ішіндегі тағы бір экспонат «ақылды үй». Күн көзінен қуат алатын екі қабаттан тұратын «ақылды үй» де өзбек өнертапқыштарының туындысы. Бұл үйдің астыңғы қабатында телевизор көруге, үстіңгі қабаты демалуға арналған. Бұлардың қатарында көрмеге қойылған, Өзбекстан жастарының жасап шығарған робот техникасы мен жасанды қол да өндіріс саласына пайдалы дүниелер екен. Онымен зертханаларда тәжірибе жасауға болады. Мұнда келушілердің назарын аударатын тағы бір құнды дүние- күн нұры мен желден жинаған энергияны пайдаланатын бау-бақша кешені жобасы. Бұл топырақ қабаты дақылдардың өсуіне қолайлы болатын кез-келген ортадан бау-бақша өсіруге мүмкіндік беретін таптырмас жоба. Ол үшін арнаулы электр желісін тартудың қажеті жоқ. Өзбекстанда бір жылдың 11 айында күн ашық болады. Сондықтан бұл өңірде күн энергиясын кеңінен пайдалануға мүмкіндік мол. Қазіргі таңда бүкіл ел бойынша күн энергиясының қуаты 51 млн. кв желдің энергиясы 360 млн.  кв Гидроэнергетика қуаты 1,8 млн. Кв болып жалпы 7 млрд киловат сағат энергия  өндіріледі. Екі қабаттан тұратын Өзбекстан павильонының екінші қабаты өзбек халқының мәдениетімен жақынырақ таныса түскісі келетіндерге арналған. Жалпы үшке бөлінген залдардың алғашқысы іскерлік бағытқа арналса,яғни ұлттық  көлік компаниясы ұсынған жобаларға,ал  келесі көрме залы бұл елдің туристік әлеуетінен хабардар етеді.

Даму жолындағы Өзбекстан

Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. Оңтүстіктегі көршіміз күні бүгінге дейін Қазақстан нарығына ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттап келеді. Жері табиғи ресурстарға бай Өзбекстан- бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы иелейді. Ала тақиялы ағайындар туралы нақтырақ мағлұматтар беретін дереккөздеріне үңілсек бұл ел, алтын қоры жөнінен  әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде, әсіресе отын-энергетика саласын дамытуға көп көңіл бөлінді. Электр энергиясын өндіру Ангрендегі коңыр көмір, Шыршыктағы СЭС тізбегіне және табиғи газға негізделген. Қазіргі кезде 1991 жылмен салыстырғанда мұнай (газ конденсатымен қоса) ендіру 3 есеге жуық, ал табиғи газ өндірісі 10 млрд м3-ге артты. Ел Қазақстан мен Қырғызстанды да табиғи газбен қамтамасыз етеді. Мүбәректе газ өндеу зауыты салынған, мұнда газбен қатар күкірт те ендіріледі. Республикада газ өндеумен қатар, мұнай өндіру саласы да қарқынды дамуда. Алтыарық және Ферғана мұнай өңдеу зауыттары Ферғана аңғарынан өндірілетін мұнайға, ал салынып жатқан Бұхара зауыты Көкдумалак кен орнының мұнай-газ конденсатына негізделеді. Мұнай-газ өндірісі негізінде химия өнеркәсібі ерекше қаркқнмен дамуда. Бұл сала ең алдымен, ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Шыршық, Навои мен Ферғанада азот тыңайтқыштарын өндіреді, Ферғана, Қоқан, Самарканд, Алмалықтағы зауыттар Қазақстаннан әкелінетін фосфорит  шикізаты негізінде жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда тыңайтқыштармен қатар, өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға қажетті заттар, тұрмыстық химия өнімдері де шығарылады. Сонымен қатар резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін, дәрі-дәрмек жасайтын кәсіпорындар бар.

Жер көлемі шағын болсада халқы 30 миллионға жетіп үлгерген Өзбекстан, болашаққа нық сеніммен қадам басып бара жатқан мемлекет. Кезектегі «ЕХРО-2017» көрмесіне де мол дайындықпен келген өзбек ағайындар, өздерінің «болашақтың энергиясы» саласына да ізденістер жасай бастағандығын толық әйгілеп тұр. Екі қбаттан құрам тапқан павилондағы әрбір бұйым, келушілер назарына еңбекқсүйгіш өзбек халқының, ертеңге деген сенімін әйгілеп тұрғандай еді. «Өзбек өз ағам» дейтін қазақ халқы олардың әрбір жетістіктеріне тек қана сәттілік тілейтіні сөзсіз!

Ерқазы Сейтқали