Психологияның баға жетпес ережелері
1. Бір әдетті бойға сіңіру үшін кем дегенде 66 күн керек.
2. Көз жұмулы тұрған кезде ақпарат тез жатталады.
3. Адамның миы мен асқазаны тығыз байланысты. Сондықтан көңіл күйдің кейбірі асқазанға салмақ түсіреді. Әсіресе, үрей.
4. Адамның образын жақсы көру мен ол адамды бар болмысымен жақсы көру – шын мәнінде екі түрлі нәрсе.
5. Арманды қағазға түсірген сайын біз оны тиянақтаймыз.
6. Адамның сезімдерінің ішінде иіс сезу жадымен тығыз байланысты.
7. Адам қалай ойлана алатындығын айқындай алатындай ойлануы жоғары интеллектінің белгісі.
8. Әр адамның бойында үш тұлға бар: мен қандаймын деген өз ойы, жұрт қалай қабылдайтыны, және шын мәнінде қандай екендігі.
9. Арманшыл адамдар өзгелерден гөрі түнде көп түс көреді, әрі есте сақтап қалғыш келеді.
10. Отбасы мен жақын достарың — бақытты балалық шақтың ең маңызды бастауы.
11. Егер баяу әрі бәсең дауыспен сөйлесе сұқбаттастан басым болу оңайға түседі. Әсіресе, дауласқан кезде.
12. Алғыс айта білетін адамдардың бақытты болуы оңайырақ.
13. Егер үнемі екі тілде сөйлессең, Альцгеймер ауруын аластатуға болады.
14. Ғашық адамның жүріс-тұрысы жүйке ауруына шалдыққан адамдікіне ұқсас келеді.
15. Ақпаратты есте сақтаудың ең тиімді тәсілі – сабақ арасында 30–50 минут сайын үзіліс жасап отыру.
16. Бірге ән айтқан адаммен көңіл күй ауаны бір арнаға түседі.
17. Емтихан алдында уайымға салған дүниенің бәрін тізіп қағазға жазса, онда жоғары балл жинауға септігі тиеді екен.
18. Ұйқының қанбауы ашуланшақ етеді, күйзелістің басталуына жол ашады.
19. Кең таралған түнгі үрейлер: құлау, қудалау, сал боп қалу, кешігіп қалу, жақын адамның өлімі.
20. Адам әжетханаға барғысы келгенде шешімді жылдам қабылдайды екен.
Аударған Шынар Әбілдә