МИНИСТР ТАМАРА ДҮЙСЕНОВАҒА ҮШ СҰРАҚ
Министр Тамара Дүйсенова Қазақстанға келетін шетелдік жұмысшыларды аз деп ойлап, «ВСЕГО ЛИШЬ 27 ТЫСЯЧ » деп қынжылыс білдіріп отырған сияқты.
Ол өз сөзінде «Вся иностранная рабочая сила привлекается по квоте. На сегодня в Казахстане квота составляет 0,65% от экономически активного населения. Это означает всего лишь 54 тысячи на весь Казахстан. На сегодня работодателями привлечено всего лишь 27 тысяч иностранных работников»,-депті.
Енді Тамара Дүйсеноваға үш сұрақ:
1. Аталған 27 000 шетелдік жұмысшы қай облыста немесе қалада, қандай компанияларда жұмыс істеп жатыр? Олар елімізде әлі қанша уақыт жұмыс істейді?
2. Аталған 54 000 шетелдік жұмысшыға квота беру қандай қажеттіліктен туындап отыр және ол квотаны кім белгілейді?
3. Қытай елінің 51 зауытының қаншасы Қазақстанға көшірілді және оларға қанша шетелдік жұмысшының келуіне квота берілді?