Теңдесі жоқ, қымбат хадис…
Бұл хадиске ислам ғалымдары «құны алтыннан да жоғары» деп баға берді. Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етіледі:
Бірде пайғамбарымыз Мухаммедке ( ﷺ ) бір араб кісі келіп: «уа Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», — деді.
Пайғамбарымыз ( ﷺ ) оған: «сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», — деді.
Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз ( ﷺ ) төмендегі жауапты берді:
— Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?
— Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.
— Адамдардың ең байы болғым келеді?
— Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.
— Ең әділетті кісі болғым келеді?
— Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.
— Адамдардың ең жомарты болғым келеді?
— Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.
— Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?
— Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.
— Иманымның қуатты болғанын қалаймын?
— Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.
— Алладан шын қорқатын адам болғым келеді?
— Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.
— Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді?
— Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың.
— Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын?
— Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.
— Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын?
— Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.
— Күналарымның азайғанын қалаймын?
— Көп тәубе ет, күналарың азаяды.
— Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?
— Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.
— Барлығынан күшті — қуатты болғым келеді?
— Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.
— Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?
— Үнемі дәретпен жүр.
— Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді?
— Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.
— Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын?
— Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.
— Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын?
— Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.
— Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?
— Көз жасы, итағат ету және ауру.
— Алла қай амалды жақсы көреді?
— Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.
— Алла қай амалды өте жек көреді?
— Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.
— Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?
— Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.
— Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?
— Қайғы – мұңда сабыр ету.
— Алла мен Оның елшісінің ( ﷺ ) сүйіктісі болғым келеді?
— Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, — деп жауап берді.
«ЕлАна»