Есінегенде ауыз жабуда қандай хикмет бар?
Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Үмбетіме қатер қылыш пен обадан келеді”, — деген кезде бір сахаба: “Уа, Расулалла, қылышты білеміз, ал оба деген не нәрсе?” – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Көзге көрінбейтін жын секілді дұшпандарымыздың астыртын зиянкестігі. Бұлардың бәріне де шейіт сауабы жазылады”, — деп бұйырады.
Алла елшісі (с.а.у.) жұқпалы аурулардан сақтануда бес пен қоршаған орта тазалығын сақтаумен қатар, басқа да түрлі кеңестер берген. Осы мәселелерді назарға алып пайымдар болсақ, микроорганизмдер жайлы алғаш түсіндірме жасаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) екендігін байқаймыз. Ол обаның жай көзге көрінбейтін зиянды күші барын, білінбей тарайтынын және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екенін атап айтқан. Бұған қоса, мұндай микробтардың адам ағзасына сырттан жұғатынын ишара етіп ескерткен.
Ауа арқылы жұғатын ауру түрлерінің көбі өкпе дерті болып табылады. Ауадағы микробтар терең тыныс алғанда, қолқаға және өкпеге дейін жетіп, дертке шалдықтырады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім есінесе қолымен аузын жапсын, өйткені зиянды нәрселер аузына кіреді”, — деп бұйырған. Есінеген кезде ауадағы микробтардың көмекей безінен өтіп, тыныс жолдарына дейін жетпеуі үшін ауызды жабу керек. Сөйтіп, тыныс жолдарына жұғатын аурудың алдын аламыз.