Түрік инвесторларымен екі жоба жүзеге аспақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмысына кіріскелі түрік бизнесмендерімен арадағы байланыс бұрынғыдан әлдеқайда нығая түсті. Бүгінде, мәселен,  «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының аумағы 50 гектарды алып жатса, онда жалпы құны 37,5 млн. АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Жуырда түркиялық инвесторлармен құны 12 млн. АҚШ доллары болатын және екі жоба жүзеге аспақ. Оның бірі — қорғасын концентратын өндіретін түркиялық Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн. АҚШ доллары) болса, екіншісі —  құны 10 млн. АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Мұндай келісімге түрік бизнес–құрылымдарының жетекшілері бастаған делегацияның Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде қол жеткізіліп отыр.

«Жыл соңына дейін аталған индустиалды аймақта «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған мөлдір конструкцияларды өндіретін шағын цехы іске қосылады.

Нұр Мекен, Оңтүстік Қазақстан облысы