Өмір сабақтары

1.Ескеріп жүр: ұлы махаббат пен аты-шулы жетістіктің астарында зор тәуекел тұр.
2. Жеңіліп тұрып: алған сабағыңды түйіп қой.
3. Өзіңді сыйла: өзгені сыйла, барлық әрекетіңе жауапты бол.
4. Есіңде болсын: кейде қалауыңа қол жеткізе алмау – барып тұрған сәттілік.
5. Ережені жатта: оны лайықты деңгейде бұзуға жеңіл болады. 
6. Жол берме: ұсақ-түйек керіс үлкен достыққа зиянын тигізбесін.
7. Түйсін: қателік жасасаң, оны түзеуге тырыс.
8. Күнделікті: аз уақытыңды жалғыздыққа арна.
9. Ашық бол: өзгеруге бейім бол, бірақ өмірлік ұстанымыңды шашып алма.
10. Есте сақта: кейде үндемеу – ең ұтымды жауап.
11. Өмір сүр: лайықты және адал бол. Сонда қартайғанда артыңа қарап қуанасың.
12. Сенің үйіңдегі сүйіспеншілік – өміріңнің негізі.
13. Жан жарыңмен ұрыс-керісте тек бүгінгіні сөз ет, өткенді еске алма.
14. Өз біліміңмен бөліс. Мәңгілікке апарар жол осы ғана.
15. Жер-Анаға мейірімдірек бол.
16. Жылына бір рет ешқашан табаның тимеген жерге баруды әдет қыл.
17. Ең ғажап қарым-қатынас – махаббаттың бір-біріңе деген сұраныстан да асқақтыққа көтерілуі.
18. Жетістікті оған жету үшін қандай құрбандық жасағаныңмен бағала.
19. Махаббат пен аспаздықта жалтақтық болмауы тиіс.

Далай Лама