«Газпром нефть» битум зауытын жаңғыртуда
«Газпромнефть» компаниясының Қазақстандағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады. Бұл жөнінде ОҚО КИИД және Туризм басқармасының баспасөз қызметі былай деп хабарлайды:
— Бұл Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңарту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оның жүзеге асуы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердегі контрагенге деген сұранысты қамту үшін жылына 15 мың тонна өнімді құюға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда өндірістік алаңда нарықта қажет етілетін БНД 60/90 және 70/100 маркалы базалық битум шығарылады. Олардың сапасы ресей мен қазақстандық стандарттарға сай келеді. Дайын өнімді жөнелту құйылған, сондай-ақ металл бөшкелерге орап-түйілген күйінде іске асырылады. «Газпром нефть» битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде ірі жол жобасының – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық дәлізінің автомобиль жолдары салынды.
«Битумдық материалдардың жоғары сапасы мен логистикалық артықшылықтарына орай «Газпром нефть» ЖШС-і жұмыс істеген 5 жыл ішінде Қазақстан нарығында танымал фигураға айналды. Өзіміздің Ресей алаңдарында битумдық материалдардың технологияларын әзірлеу мен өндіруде көпжылдық табысты тәжірибеге ие бола отырып, біз Қазақстанда активтерді тиімді басқару үшін үздік жетістіктерді белсенді қолданып келеміз. Жоғары сапалы битумды өндірумен қатар орап-түю торабын дамыту бізге шалғай орналасуына қарамай, Қазақстан мен оған жақын орналасқан елдерде тұтынушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді «Газпром нефть» ЖШС дирекциясының коммерциялық директоры Леван Кадагидзе.
Айта кету керек, 2016 жылмен салыстырғанда зауыт бүгінде тәуліктік өнімділікті 30 пайызға ұлғайтып, оның көлемі 700 тонна тұтқыр затқа жетті. 2017 жылдың нәтижесі бойынша зауыт жұмысшылары 200 мың тонна битумдық материал өндіруді жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда битумдық өнімді тұтынудың жыл сайынғы көлемі – 550-650 мың тоннаға жуық.
Шалқар БЕК,
Оңтүстік Қазақстан облысы