Топырақсыз жем-шөп шығаратын қондырғы іске қосылды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазагрогрин» кәсіпорны фермерлерді мал азығымен қамтамасыз етудің инновациялық тәсілін ұсынды. Бұл жерде арпа 1 апта ішінде өсіріледі. Гидропонды мал азығының құрамында жануарларға арналған дәрумендер мен пайдалы заттар бар. Шаруа қожалықтар құны 29 және 72 миллион теңге болатын қондырғыға «Оңтүстік» АИО-ның қаржыландыруы арқылы қол жеткізіп отыр. Енді инновациялық тың әдісті орнатамын деген фермерге мемлекет 10 миллион теңге көлемінде субсидия бермек.
Жаңа технологияның арқасында жер жыртып, мал азығы аз деп алаңдамайсыз. Еңбек күшін де талап етпейді. Гидропоника әдісі арқылы күніне 2 тонна өнім өндіруге болады. Ал, жылына шамамен 1500 тонна жем-шөп жинауға мүмкіндік бар. Кәсіпорын директоры Бақытжан Көпбаевтың айтуынша, гидропоника әдісі арқылы дайындалған өнімдер арпа дақылының құнарлығымен пара-пар екен. Жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды да біржолата ұмытады.
Осылайша, шаруалар төрт түлігіне қаржы үнемдеп, таза, әрі құнарлы жеммен азықтандыра алады.
Шалқар БЕК,
Оңтүстік Қазақстан облысы.