Сары белдің, сары қаласы  Степногорск 50 жаста

Республикаға танымал Степногорск қаласының ірге тасы  қаланғанына биыл 50 жыл толып, мерекелік шаралар өтті. Бүгінде 70 мыңға тарта тұрғыны бар, Ақмоланың   өнеркәсіп орталығы саналатын шаһар осы жылдары қызықпен, қиындықты біраз көріпті. Орнағанда Москвадан басқарылып, қарапайым халыққа қырын қарағын , тіршілігімен, өркені қарыштап дамыған, жабық шаһар, ел тәуелсіздік алған жылдары, иесіз қалып, өтпелі кезеңнің кедір, бұдыр тепетішін біршама көреді. Бірақ, елбасының, мемлекеттің қамқорлығының арқасында, соңғы кездері  дамудың соқпағына жаңылмай түскен сияқты. Себебі, қала көркейіп, құрылыс нысандары, өндіріс ошақтары жаңарып, жаңадан салынып жатыр екен. Шаһардың мерей тойына Халық Қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, Парламент Сенатының депутаты Д. Әділбеков, Қ. Сәтбаевтың немересі Ә. Жар мағамбетова облыс әкімінің орынбасары А. Мысырәлімова қатарлы сыйлы қонақтар   қатысты. Шара барысында тойдың  сәні мен мәні – ұлт рухын асқақтатқан ұлы ғалым Қ. Сатпаевтің  ескерткішінің салтанатты ашылуы болды.

Іргетасы 1967 жылы қаланған,атауы айтып тұрғандай , сары арқаның сары белінде   бой көтерген қала кеңестік сәулет өнерімен салынып,  ірі өнеркәсіп орталығы болғандықтан, кезінде тұрғындарына қажеттінің бәрі ескеріліпті. Жасыл желекті саябақтар, жаздың қапырық ыстығында салқын леп соғатын субұрқақтар,  кең көше жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жағажолдар – бәрі жас қалада заман талабына сай жасалған дейді. Кеңес кезінде  қорғаныс саласының арнаулы құпия кәсіпорындары көп орналасқан Мәскеуге тікелей бағынышты жабық қала болыпты.  Дүкендерінде  басқада  жоқ қат тауарлар, мұнда  самсап тұрыпты. Оған  сырттан келген азаматтардың қолы жетпеген. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде ірі кәсіпорындар жабылып, қала біраз уақыт қиындықтарды бастан өткерді. Мемлекет  тарапынан жасалған көмектің нәтижесінде белді инвесторлар  қаржы салып бұрынғы іргелі кәсіпорындар нарық талабына  бейімделеді.  Құлазыған қала көркейіп, тіршілік жақсарады. Бүгінгі Степногорск сәулетіне дәулеті сай астаналық облыстың аса ірі өнеркәсіп орталығы. Көк желек жамылған қала көшелері сәулетімен, сәнімен тұрғындарды да, келген қонақтарды да қуантып, заман талабына сай өсіп, өркендегені көрінді.Мерейтойлық шара  «RE-BIOMED» ғылыми-тәжірибелік   орталығы» ЖШС-нің косметикалық өнімдер шығаратын кәсіпорнының ашылуымен басталды. Жаңа кәсіпорынның лентасын ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д. Әділбеков пен ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ. Бәйімбетов қиды.  Жоба құны 1 миллион АҚШ долларына тең.  Мұнда бетке арналған сергіткіш және жақпамай тәрізді биокосметика түрлері шығарылады. Биокосметикаларда химиялық қоспалар жоқ. Таза органикалық компоненттерден тұрады. Сол себепті де, қолданған кезде ұзақ мерзімде және 70 пайыз жақсы әсер етеді. Компания мамандары Канада және Германия елдерінде дайындықтан өткен. Өндіріс жылына   3 миллион құты, 20 миллион ампул өнім шығарады. . ін шығаруға жетеді. Құны 3-7 мың теңге аралығында.

Мерейтойдың екінші салтанаты, қазақтың ұлы тұлғасы, ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың биіктігі 7 метр ескерткішін ашумен жалғасты. Бұл құрметке Қаныштай тұлға  лайық. Себебі, Степногорск  алтын, уран сияқты, түсті металл өндірісі дамыған өнеркәсіпті қала. Сондықтан, қазақ ғылымының негізін қалаушы,  оның ішінде геология ғылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, ұлы тұлғаға ескерткіш орнатылуы  өте дұрыс шешім. Ескерткіш лентасын Халық қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіров пен Қ. Сәтбаевтың немересі, химия ғылымдарының докторы  Ә. Жармағамбетова қиды. Шарада ғарышкер Т.Әубәкірав, Қ. Сатбаевтің немересі  А, Жармаған бетова, Ақмола  облыс әкімінің орынбасары А,Мысырәлімова степногорлықтарды мерейтойларымен құттықтап,  сөз алды.

Мерейтойда  «Степногорск – күштілер мен батылдар қаласы» атты бұқаралық спорт жарыстары өтіп,  ниет білдірген барлық жастағы тұрғындар қатысты. Балалар шығармашылығына арналған «Алтын күз» көрмесі,«Степногорск – менің туған қалам» мерекелік шарасы аясында жастардың флеш-мобы, облыстық филармонияның концерті, жас авторлардың «Әлемдегі ең тамаша қала» фестивалі, ауған соғысы ардагерлерінің «Менің Отаным» патриоттық әндер концерті ұйымдастырылды. «Степногорск жүрегімде» аталымы бойынша қаланың іргетасын қалаған ардагерлер шеруі, көп жылдар отасқан ерлі-зайыптылар мен жаңа үйленген жұбайлар, қала құрдастары алаңға шығып, қала тұрғындарын, қонақтарды,мерейтоймен құттықтады.  Салтанатты  шара «Дала қаласына сәлем» от шашуымен аяқталды.

 

Дахан Шөкішұлы