Мұғалімдер күніне орай ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақтау қаласындағы арнайы мектепке барды         

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Маңғыстауға жұмыс сапары аясында Ақтаудағы облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатына барды.

Мектепке Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, комитет хатшысы Кәлетаев Дархан, комитет мүшелері Серік Джақсыбековпен Төлеубек Мұқашев және қоғам қайраткері Ляззат Қиынов барды. Кездесуге сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының бас директоры Ерлан Дәрімов және ЖШС «ӘБЕО орталығы» директоры Роза Сүлейменова қатысты.

Шара барысында Парламент Сенатының депутаттарына мектепке 2017 жылдың маусым айында «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында табысталған жаңа түзелту құрал-жабдықтары көрсетілді. Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобымен жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында 2017 жылдың маусым айында облыстың барлық арнайы мектептерінің түзелту кабинеттері құрал-жабдықтармен қамтылған болатын. Атап айтсақ, «Жаңаөзен арнайы мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемесі» КММ, «№3 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ, «№2 арнайы жалпы білім беру мектебі» КММ және «Облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ.

Түзелту кабинеттеріне арналған құрал-жабдықтардың ішіне сенсорлы бөлме, жұмсақ бөлме, логопедтік оқыту аппараттары, дамыту құралдары, массаж зондтары және т.б кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында өз жұмысын бастады. Бағдарламаның мақсаты – «Самұрық-Қазына»  АҚ компаниялар тобы орналасқан өңірлердегі өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру. Маңғыстау облысында «Меніңелім» бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды. Осыған дейін, 2017 жылдың мамыр айында бағдарлама бойынша Маңғыстау облысының 50 мектебі спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Айман Оңғарбайқызы