Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе… (әйелдерге кеңес)
- Егер күйеуіңіз үшін «ханшайым» болғыңыз келсе, оны «хан» деп қабылдаңыз.
- Соңғы сөз күйеуіңіздікі болуы тиіс.
- Жұмыстан келер уақытында әдемі киініп, күліп қарсы алыңыз.
- Үйге кірмей жатып проблемаларыңызды айтып, ызыңдай бермеңіз. Ондай қылық ешбір еркекке ұнамайды.
- Еріңіздің жақсы көретін тағамдарын жиі әзірлеп тұрыңыз.
- Күйеуіңіздің кемшілігі болса оны көрмеуге тырысып, өзгелердің көзінше оны мақтап, тек жақсы жақтарын айтыңыз. Ол күйеуіңізге деген сенімділік пен сізге деген сүйіспеншілігін арттырады.
- Әйелдердің қателігі үнемі көңілтолмаушылығы. Қолдағы барға шүкіршілік етіңіз.
- Сырлас досы бола біліңіз.
- Үйіңізде жағымды атмосфера қалыптастырыңыз. Жұмыстан кейін күйеуіңіз үйге, сізге, балаларына асығатындай жағдай жасаңыз.
- Отбасыңыз үшін үнемі дұға жасаңыз.