ПЕРЗЕНТ… АНА.. ТІРШІЛІК…
Тіршілік сыйлап, пейілін бөлген жолыңа,
Бір жан бар күйген, ашыңа дағы, тоғыңа.
Ақ қырау шалған самайын ғазиз анаңның,
Ең соңғы рет..
Су құйдың қашан қолына..?!
Жол жүріп кетсе, сағынып талмай күттің бе..
Қадіріне əлі, жете алмадың ба..түктің де.?!
Беліңнен төмен жиренбей жуған анаңның,
Еңкейіп кейде..
Маңдайдан терін сүрттің бе.?!
Өсірген олар, халықтың ұлын, бектерін,
Амандық үшін..
Анаңдай уайым жеп пе едің.?!
Пəруана жанның астына төсеп құс- төсек,
Қолыңа ұстап, көрдің бе күрек- кетпенін.?!
Бағалай білсең..
Бастауы сол жан бағыңның,
Ессіздеу болып..
Сындырдың ба əлде, сағын мың.?
«Жəйіңе жүр» деп, бір сұлу үшін жасытып,
Жанына барып жантайдың ба екен, жарыңның.?!
Жетілдің, жеттің..
Сиқырға басқа ердің бе..
Бəрі де өткен..
Тояды дейсің жер кімге?
Ұялыдағы ұятсыздау тұсқа үңілмей,
Жылы ұяңдағы..
Анаңа хабар бердің бе.?
«Күлшелі болсаң»..
Бəрі де туыс, бəрі аға…
Несіне айтам..
Саңылау берсін санаңа.!
Есіңе түсір..
Соңғы рет қашан еркелеп,
Соңғы рет қашан…
Қоңырау шалдың анаңа..?!
Сыйлай алдың ба. .
Қымбат сəтіңнің көбісін,
Жақтырмай əлде. .
Кері итердің бе, кем ісін. ? !
Соңғы рет қашан. .
Жаңалап жаптың жаулығын,
Соңғы рет қашан. .
Əпердің мəсі — кебісін. ? !
МЕХНАТ ТЕМІРТАСҚЫЗЫ