Исламда «кіндік шеше» дейтін түсінік бар ма?
«Кіндік шеше» дегеніміз, сонау ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақ дәстүрінде орны бар құбылыс.
Исламда аталмыш түсінік орын алмағанымен, шариғат дінге теріс келмейтін дәстүрлерді құптайтыны мәлім. Сондықтан да, «кіндік шеше» атанудың Исламда күнәсі жоқ.
Бірақ, «кіндік шеше» атанудың шариғи тұрғыда ешқандай туыстық байланыс тудырмайтынын да айтпасқа болмайды. Алда-жалда бала есейіп, жақын туыстығы жоқ «кіндік шешесінің» қызын айттырып жатса, оның діни тұрғыда ешбір ағаттығы болмайды.