Тіс саулығы – жан саулығы
Адамның тісі — оның негізгі комбайны десе болатындай. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тістің түсуі — көп жағдайда ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады.
- Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 2-3 айда бір тіс щеткасын ауыстырып тұрған абзал.
- Қызыл иекті де қолмен ысқылап үнемі массаж жасап отырған дұрыс. Бастысы ерінбеу керек.
- Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан кем болмауы керек.
- Тіс тәулігіне екі рет тазаланады (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.
- Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялап тұрған дұрыс.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер — Мп, Си, Ғе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.
- Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне, тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек.
Ауыз қуысының таза болуы — адам сергектік беріп, көңіл-күй сыйлайды. Аурудың 90 пайызы ауыз қуысының таза болмауынан, яғни тісімізден туындайды екен. Сол үшін ауыздағы кем-кетікті бүтіндеудің, сауықтырудың әдемі күлкі үшін ғана емес, денсаулығыңыз үшін де маңызы зор.
Маман ретінде айтарым – тістің адам ағзасына әсерін тигізбейтін жері жоқ. Тіс ауруларын емдемесе оның кері әсері ең алдымен жүрекке, одан кейін бүйрекке, артынша бауырға, сонан соң ішкі құрылысқа, тіпті миға да әсер етеді. Ауыз қуысының сау болмауы, керек десеңіз, адам психологиясына да «шабуылдайды». Мәселен, тістері қисық немесе құрттаған адам көпшілік алдында ашылып сөйлей алмай, қысылып, тұйықтала түседі, ал күлгенде еріксіз қолымен аузын көлегейлейді.
Басқа да жұқпалы аурулар сияқты, ауыз қуысындағы ақаулар да жұғады. Яғни құрттаған тіс көршісін де зақымдайды. Осылай дер уақытында дәрігерге көрінбегеннен 32 «маржанның» бәрі бүлінуі әбден мүмкін.
Негізінде тіс дәрігеріне жылына бір рет, тіпті тісіңіз сау болса да қаралған абзал.
Гүлшат ДӘУЛЕТБАЕВА,
тіс дәрігері