Бір түйір харам ас

Баязит Бистами жас кезінде құлшылықтарынан кейде ләззат ала алмай жүрді. Бірде анасына барып:
– Кейде өзімді Аллаһтан алыстағандай сезінемін,  бірақ себебі өзіме беймәлім, – деп ішкі сырын айтады.  Анасы ойланып отырып:
– Бір-ақ нәрсе есімде, – деді, – сенің төрт-бес айлық кезің. Көтеріп алып көрші үйге барғанмын. Сәл  отырғаннан кейін сен жылай бастадың. Мен уатпақ болдым, сен одан сайын жыладың. Ақырында амалым таусылып, көршінің рұқсатынсыз саусағымның ұшын  қазанындағы сорпаға батырып, саған дәм таттырып едім, – дейді.
Бұны естігенде, жігіт дереу анасын жібертіп, көршіден кешірім сұратады. Содан кейін барып Баязит Бистамидің жүрегі жай табады.