МЕН АЛЛА ҮШІН СОҒЫСЫП ЖАТҚАН ЕДІМ…

Бір соғыста хазіреті Али бір дұшпан жауынгерін астына басып алып  өлтірейін деп жатыр еді. өлім аузындағы әлгі адам амалсыздан хазіреті Алидің бетіне түкіріп жібереді.

Хазіреті Али үшін кәпірдің басын жұлып алу, түкке де тұрмайтын еді. Бірақ ол:

«Нәпсінің тілін алып ашуланып қаламын ба?!» — деп ойлады да, дереу тоқтай қалып, қолындағы қылышын жерге қойып, дұшпанын өлтіруден бас тартты. Хазіреті Алидің колында кұрбан болуды күтіп жатқан адам, бұл жағдайға қатты таң қалады. Себебі, ол істеген жаман ісі үшін хазіреті Алидің колынан аман құтылатынын ойынан мүлде шығарған болатын.

Бірақ ол ойлағанындай болмады. Ол сол жерде ақиқаттың куәсі болды. Дұшпан хазіреті Алидің ісіне таңырқап, амалы таусылғаннан кейін, былай деп сұрады:

—  Ей, Али! Мені не үшін олтірмедің? Бірден өзгеріп сала бердің ғой. Хазіреті Али былай деп жауап береді:

— Мен хазіреті Пайғамбар сыйлаған қылышты Алла  жолында колданамын. Кәпір мен мұнафиқтардың басын, Оның ризалығы үшін ғана шабамын. Бұған ешқашан өз нәпсімді араластырмаймын. Себебі мен  Алланың арыстаны, әрі Оның қылышымын, нәпсімдікі емес… Сен жүзіме түкіріп, мені ашуландырмақшы әрі қорламақшы болдың. Мен сол сәтте ашуыма бой алдырғанымда, мүминге әсте жараспайтын қылықпен яғни, нәпсіме бағынып, сені өлтіріп тастар едім. Алайда мен өз абыройым үшін емес, Алла үшін соғысып жатқан едім.