Зауытты «айғайлатып» ашасыздар, тып-тыныш жабасыздар

Елдегі күні кеше ғана ашылған кəсіпорындардың жай-жапсарын сұраған мəжілісмендер алдында есеп берген ауыл шаруашылығы министрі өкілдері əбден састы. Бұл жолғы мінушілер арасында депутат В.Божконың дауысы жарқын-жырқын шықты.

Ауыл шаруашылығы кəсіпорындарын ашуға бюджеттен көп қаржы бөліп алып, кейін тыныш қана жаба салатындарды сын тезіне алған  депутат: «Елдегі бірқатар кəсіпорындарды ашуын ашып алып, кейін жабылатын кезде үнсіз ғана жаба саласыздар. Оған кеткен қыруар қаржы туралы не айтасыздар?»— деп, министрлік өкілдеріне қатты шүйлікті.

Бұған кəсіпорын өнімдеріне сұраныстың жоқтығын айтып ақталған Ауыл шаруашылығы министрі өкілдері: «Петропавлдағы кəсіпорын жабылған жоқ, бірақ өнім шығармайды», — деп қысқа жауап беріп құтылды.

Ермек Назым