ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЖАҢА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жаңаөзенде жаңа жылу электр станциясы жұмысын бастады. 6 жылу қазандығы мен 3 бу турбинасын мұнайшылар қаласына арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ералы Тоғжанов іске қосты. Әлеуметтік маңызы бар жоба мемлекет басшысының «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған. Мекеме шаһарды үздіксіз жылумен, ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

¤Жылу электр станциясы мұнайшылар қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында іске қосылды. Кәсіпорын жұмысына толық кіріскен соң, шаһарды «Маэк-Казатомөнеркәсіп» мекемесіне тәуелділіктен арылтады. Бұл қырауар қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазір жаңа технологияны енгізгеннен кейін бүгінгі таңда экономиямыз 30 пайызға жақсарып отыр. 1-2 айдың ішінде дұрыстап жұмысқа енгізсек біз бара-бара Маяктан алатын тоғымызды тоқтатамыз, дейді «Өзен жылу» МКК директоры Әділбек Рубилов .

Шаһардың білім саласы ойдағыдай дамуда. Әсіресе балалардың ой-өрісін жетілдіру бағытында атқарылар істер көп. Соның айқын дәлелі жаңа оқу жылында ашылған «Каспий» зияткерлік мектеп-бақшасы. Білім ордасы менталды арифметика әдісін үйретуде көш басында тұр.

Ал, сөйлеу, көру, есту, тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балалар қаладағы «Оңалту» орталығында білім алады. Мұнда өрендердің тәлім алуы үшін озық мамандар дәріс береді.

Логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, сурдопедагог сияқты мамандарымыз жұмыс жасайды. Ол мамандарымыз Алматы қаласындағы арнайы орталықта үш жыл сайын білімін жетілдіреді, дейді»ОҢАЛТУ» орталығының директоры Жарқын Нұртаева.

Қалада мектеп жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 3 білім ордасы салынып жатыр. Рахат, Арай, рауан шағын аудандарында бой көтеріп жатқан ғимараттың әрқайсысы 900 орындық.

Шаһарда кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып отыр. Бұл мақсатта «Даму» қоры мен «Өзенмұнайгаз» компаниясы арасында арнайы бағдарлама да жасақталған.

Орта, шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалатынын айтып отыр. Үш жақты жүйенің қатысуы арқылы жүзеге асатын жобаны бастаймыз. Өзенмұнайгаздан берілетін ақшаның 700 млн ақшаның 350 млн «Даму» банкіне жібереміз. Оны біз «Дамудан» екі есе қылып алып кәсіпкерлікке жұмсаймыз, дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Бұдан былай кәсібін ашамын деушілер еш кедергісіз ісін дөңгелете алады. Тек ниет мен ынта болса болғаны.

Ең маңыздысы біріншіден ақша «Өзенмұнайгаздан» «Даму» қорына тікелей аударылады. Яғни, бұл жерде ешқанда йжергілікті бюджеттің қаражаты жұмсалмайды. Бизнестің жол картасы арқылы сол кәсіпкерге кепілдеме қарастырырылады. Алған несиелерін субсидиялаймыз. Яғни, кәсіпкерге банк 11 пайызбен қаражат есебімен несие  берсе, соның 10 пайызын «Даму» қоры субсидиялаған жағдайда, кәсіпкер 1 пайызын ғана төлейді. бағдарламаның негізгі талабының бірі, инвестициялық жаңа жоба болу керек, дейді«ДАМУ» қоры МОФ директоры Берік  Нұрғалиев.

Аймақта жол жөндеу жұмысы да жоспарға сай жүргізілуде. Қазір «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шекарасы» автомобиль жолының 155-210 шақырымы аяқталған. Тағы бір жағымды жаңалық алдағы уақытта «Кендірлі» демалыс аймағында жаңа елді-мекен құрылады. Қазір жобасы әзірленуде.

 

Айман Нұрмағанбет