«Қазақстан zamanның» ұйымдастырған «Ауыл» экспедициясы Солтүстік пен Шығыс облыстарын аралады
Биылғы экспедициямыздың елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық – мақала аясында сапарға шығатының өткен нөмірлерімізде хабардар еткенбіз. Иә, «Ауыл рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты бұл экспедициямыздың құрамында «Нұр Отан» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы мен Еңбек және әлеуметтін қорғау министрліктері, «Қазақстан zaman» газеті, «Ел Ана» сайты, сондай – ақ «Қазақ радиосы» бар. Жылдағы дәстүрмен қоңыр күздің шуағымен экспедиция Солтүстік жіне Шығыс облыстарын аралап шықты.
Павлодар облысының облыстық әкімшілігінде, ауыл шаруашылық басқармасында кездесу өткізген олар Қарағанды облысына бет бұрды. Өңір басшысының қабылдауында болып, батасын алған экспедиция мүшелері жазда қазақтың үш биінің бірі Қазыбек би бабамыздың 350 жыл тойын тамаша етіп тойлаған Қарқаралы ауданын аралап шығуға ұйғарды. Аудан әкімімен сұхбаттасқан соң Егіндібұлаққа келген экспедиция мүшелері баба тойынан кейін бұл ауылдың еңсесі биіктеп, жарқырап кеткен келбетіне сүйсінгендіктерін жасыра алмады. Ауыл адамдарымен кездесуде Ауылды қалай көтеру жөнінде келелі әңгіме өрістеді.
Келесі аптада экспедиция үш облысқа бөлініп аралады. Олар Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары. Үш облыста да ауыл тұрғындары экспедицияны қуана қарсы алып, жүрекжарды ойларын, пікірлерін, көкейтесті мәселелерін ортаға салды. Солтүстік Қазақстан облысы қоныс аударушы Оңтүстіктегілерді өте белсенді түрде қабылдап, барынша қамқорлық жасап отырған өңір. Жаңа қоныстаушылармен экспедиция мүшелері бірнеше ауылда кездесулер өткізді. Сондай – ақ Серпін бағдарламасымен келіп оқып жатқан студенттермен кездесу өте жылы шырайда өтті. Бүгін біз Қостанай облысындағы кездесулерді кеңінең беріп отырмыз. Экспедиция бұл аптада Батыс Қазақстан облыстарын аралап жүр. Сәт сапар!
Ертай Айғалиұлы