«Жалпыға ортақ еңбек қоғамының» батырлары марапатталды
Ұлағатты ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлетін халқымыз жас жеткіншектерге «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп тәрбие берсе, буыны бекіп, бұғанасы қатқан баласына «бекер жатқанша, бекер істе» деп кеңес беретіні бар. Әрине «дүниені еңбек жаратқан» дейтін қағиданың астарында да еңбекеке деген құрмет жатса керек. Бүгінде өзінің қажырлы еңбегінің жемісін жеп, сонысымен айналасына силы болып отырған «атсыз қаһармандарымыз» қаншама?
Ал егемен еліміздің іргесін бекемдеу үшін жасалатын даңықты жұмыс, мәңгілікке жалғаса беретіні тағы бар… Азаматының қадырын білетін халқымыз. Ондай тұлғаларды әрқашанда ардақтап, силап олардың өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалтырып отыратын асыл қасиеті тағы бар.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбек күні мерекесі бекітілген болатын. Осыған орай 2013 жылдың 22 қаршасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесі еңгізілген болатын. Сонан бері бұл датаны мерекелу дәстүрге айнаылп келеді.
Сондай игі істің бірі жақында ғана Елорда төрінде дүркіреп өтті. Анығырақ айтсақ- 27 қазан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен, Еңбек күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумы болып өтті.Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты.Аталған шара аясында Еңбек күніне арналған фотокөрме, «Еңбек жолы» мен «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Форум барысында Қазақстан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосқан 8 ардагер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова алғаш болып КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегеноваға «Еңбек ардагері» медалін табыстады.
– «Біз 2014 жылдан бастап Еңбек күнін атап өтеміз. Бұл мереке – отанымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ететін халықтың еңбегіне деген құрметтің белгісі. Сондай-ақ бұл күн әлеуметтік және экономикалық жетістіктерімізді дәріптеуге арналған. Еліміздің әрбір азаматы адал, риясыз, өнімді еңбектің маңыздылығын санасына сіңіруі керек. Сонда ғана Қазақстан әлемдегі озық елдердің қатарына қосылады. Келешекте ұлттың табыстылығы адами капиталдың сапасымен өлшенеді,» – деді Мемлекеттік хатшы.Келесі марапатталған медициналық ғылымдарының профессоры Мақаш Алияқпаров денсаулық сақтау саласында 49 жыл еңбек етіп, көптеген ғылыми еңбектер жазған. Бұл марапатқа, сондай-ақ, Қаншай Жолдыбаева, Серікбол Оңалов, Әнуар Түкенов, Жәкен Таймағамбетов, Николай Удалов, Сергей Чекалин тәрізді аға буын өкілдері ие болды.Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сөз алды.
– «Бүгін еліміздің экономикасының түрлі салаларында қызмет етіп келе жатқан 8,5 млн астам азаматтардың айтулы мерекесі. Елбасы өзінің «Жалпыға ортақ: Еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында әлемдік өркениеттің барлық құндылығы, барлық экономикалық және мәдени байлығы виртуалды қаржы институттарының емес, адамның еңбегімен жасалады деген болатын. Расында да, егемендігімізді алғаннан кейінгі ширек ғасырға көз жүгіртетін болсақ, елімізде 7,5 мың шақырым жол салынып, 113 млн шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа берілсе, 3000-ға жуық мектеп пен денсаулық сақтау нысандары салынды. Ал өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 1993 жылғы 29,4 млрд теңгеден былтыр 47 трлн теңгеге дейін жетті. Осы нәтижелердің арқасында бүгінде Қазақ елін әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретінде танып отыр. Бұл мереке еңбекші азаматтардың ғана емес, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған 2,5 миллионнан астам еңбек ардагерлерінің де төл мерекесі,» – деді министр.
«Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету үшін, 2016 жылы Министрлік еңбек әулеттері мен өндіріс еңбеккерлерінің арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық байқауын жариялаған болатын. Салтанатты жиында байқау аясындағы «Үздік еңбек әулеті» болып Ақтөбе облысындағы теміржолшы, Жұбанышевтар әулеті атанса, «Жас ұрпақты еңбекке ерекше баулығаны үшін» арнайы атағын Қазақстанның Еңбек ері Иван Сауэр Батыс Қазақстан өңірінің электр маманы Тілек Харинге табыстады. «Өндірістің үздік жас жұмыскері» атағы мектеп мұғалімі Нұрсұлтан Аббасинге берілді. «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» атағын Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қайрат» балабақшасының меңгерушісі Нұржамал Төлеуова еншіледі.Сонымен қатар, мерекелік шарада, Еңбек күні қарсаңында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Олар «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Медициналық-әлеуметтік мекеменің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік ұйымдастырушы-менеджері», «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері»және «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» атты тоғыз аталым бойынша марапатталды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні Мемлекет басшысының 2011 жылдың 20 қазанындағы Жарлығымен бекітілген болатын. Бұл Елбасының зейнеткерлердің игілігіне қызмет етіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға баға жетпес көмек көрсетіп отырған азаматтарға деген құрметі мен қамқорлығы саналады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария еткен болатын. Елбасы кезектегі маңызды баяндамасында «-Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды» дей келіп, «Біздің жүзеге асырылмаған резервтеріміз бен мүмкіндіктеріміз неде? Әлеуметтік саясат орнықты, жасампаз болуы үшін тағы не істеу керек? Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады. Бұл жерде ешқандай өзіндік идеология ойлап шығарылмайды. Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз.»- деген еді. Сонан бері қарайғы жерде «жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» мәселесі мемлекеттік деңгейде дәріптеліп келе жатыр. Осы турасында еңбек адамдарын насихаттау, олардың ұлы еңбегін бағалап тиісті құрмет көрсету, өзгелерге үлгі ету үшін талай игі шаралар ұйымдастырылып келе жатыр. Министрлік тарапынан өткен кезекті форум да соның бір парасы болмақ. Әрі бұдан кейінгі жердеде жалғаса бермек.
Ерқазы Сейтқали