Ақтөбенің аршынды қадамы
2017 жылғы 30 қазан күніАстанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев журналистермен кездесті. БАҚ- алдында баяндама жасаған Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жүзеге асыру аясындағы басты жетістіктері мен өңірдің ағымдағы жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.«Елбасының әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша тапсырмасын орындай отыра экономика өсімін бес пайызға өсіру мүмкін болды. Оң динамика барлық секторлармен қамтамасыз етілген»,-деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Өндірісі өркендеген Ақтөбе
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігі 4,7 пайызға артып, 1077 миллиард теңгені құрады. Облыс 9,1% деңгейінде қалыптасқан өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша елде бірінші орын алады.Өңір мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын белсенді жүзеге асыруда. Ендігі 15 өндіріс орнын жаңғыртқан Жол картасы бекітілді. Жаңғыртудың жалпы құны – 20 млрд. теңге. Жыл соңына дейін тағы бес кәсіпорынды технологиялық жағынан жетілдіру жұмыстары аяқталмақ. Жақын арадағы бес жылда кем дегенде 400 млрд. теңгеге жабдықтар мен процесстер жаңғыртылатын болады.Өндірістік процесстерді әрі қарай жетілдіру мақсатында ақтөбелік кәсіпорындар ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған құны 43 млрд теңгенің 18 үздік әлемдік технологиясын енгізіп жатыр.Аталмыш технологияларды қолдану өңірдің экологиялық жағдайына оң әсерін тигізіп, энергияны тұтыну тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырады деп күтілуде. Жалпы, көрмені 140 мың ақтөбелік көрсе, оның 92-сі – облыстағы ірі кәсіпорындарының өкілдері, 20 мыңнан астамы – кәсіпкерлер»,-деп атап өтті әкім.
«Инвестиция 21,1%-ға 268 млрд. теңгеге дейін өскен. Оң динамика мемлекеттік-жеке серіктестікті белсенді дамытудың арқасында қамтамасыз етілді. Бүгінде өңір инвестиция көлемі 50 млрд. теңге болатын МЖС мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің 125 жобасын жүзеге асырып отыр. Атап өтейік, әлеуметтік нысандардың құрылысына тек осы жылы бюджет қаражатынан тыс 29 млрд. теңге тартылды, 2017-2019 жылдар арасында 69 млрд. теңге тарту жоспарда бар.Бұдан басқа, инвесторларды Ақтөбе облысында бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлардың барынша жасалғандығы қызықтырады. Бұған өңірдің бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстанда екінші орында тұрғанын көрсеткен «Doing Business» рейтингі дәлел»- дейді Бердібек Сапарбаев мырза.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі 145,5 млрд. теңгені құрап, 3,9% деңгейінде болды.ҚР президентінің тапсырмасын орындау мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы күшейтілді.Мәселен, 7,8 млн. гектар ауыл шаруашылық жерлерін түгендеудің ауқымды жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 365 мың гектар жер айналымға тартылды. Сондай-ақ, суармалы жерлер алаңы 18%-ға, яғни 21,5 мың гектарға дейін кеңейіп, егін егетін жер 15%-ға артты (2016 жылы – 567 мың гектар, 2017 жылы – 656 мың гектар).Ауыл шаруашылығының 129 жобаны жүзеге асырған дәстүрлі емес салалары да дамып жатыр. 7000 жеке қосалқы шаруашылықты біріктірген 170-тен аса ауыл шаруашылық кооперативтері табысты жұмыс жасауда.
Елбасы тапсырмасы басты назарда
«Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында мыңдаған ақтөбелік отбасы жуырда қоныс тойын тойлайды. Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы аумағы 1200 гектар болатын жер телімінде 111 мың адамның тұруы үшін 4200 тұрғын үйге есептелген таунхаустар мен коттедждердің құрылысы жүріп жатыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 100 мың шаршы метр болатын кем дегенде 144аз қабатты және жеке несиелік үйлер пайдалануға берілетін болады. Тұрғын үйдің бір шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайды.Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 10,3% өсіп, 390 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша кем дегенде 650 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.Халықты жұмыспен қамту басым міндеттердің бірі болып қала береді. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс орындарын құруды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қайта оқытуды қарастыратын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары жасалды. Есептік кезеңде Кешенді жоспармен 30 мың адам қамтылып, 15,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылса, олардың 74%-ы — тұрақты. Жалпы жұмыссыздық 4,8% деңгейінде (ҚР – 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық 3,2% (ҚР – 4,1%). Жыл соңына дейін қосымша 1,3 мың жұмыс орнын құру жоспарда бар.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, басты назар әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде білім беруге аударылуда. Жыл басынан бері 25 мектептің құрылысы жүргізілді. Бүгінде 11 мектеп пайдалануға берілген, жыл соңына дейін тағы 4-і ашылмақ. Бұл екі апаттық және үш ауысымдағы жеті мектептің мәселесін шешеді. Бұдан басқа 13 шағын жинақты мектеп оңтайландырылды.Өңір сондай-ақ, балабақшалар желілерін дамытуды да жалғастырып келеді. Ағымдағы жылы 31 мектептке дейінгі балалар мекемесі ашылды. Жыл соңына дейін тағы 34 жаңа балабақша тәрбиеленушілерін қабылдайды деп жоспарлануда. Нәтижесінде мектепке дейінгі біліммен қамту 95,6% дейін артады.
Батыс Қазақстан өңірлерінің алғашқы «Aktobe Medical Center» медициналық кластері жанынан 400-ден аса күрделі ота жасалды, соның ішінде бүйрек пен бауыр ауыстыру бойынша. Жаңа технологияларды игеру және енгізудегі серіктестер – Оңтүстік Корея, Польша, Түркия және т.б. мықты дәрігерлері.Медициналық кластерді дамытуда МЖС механизмдері, сондай-ақ, неміс, оңтүстік кореялық, түрік өндірушілерінің, соның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылған жабдықтары мен инновациялық зерттемелері белсенді түрде қолданылып жатыр. Өңірде денсаулық сақтау саласының шамамен 14 млрд. теңге болатын барлығы 26 МЖС нысаны салынуда.
Елбасының «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру басты басымдықтардың бірі. Ақтөбеде 28-29 қыркүйекте әлеуметтік қолдаудың белсенді дамуына серпін беретін бірінші республикалық «Tуған жер» форумы өтті. Оған әлемнің 21 елінен келген 300-ден аса табысты ақтөбелік қатысты. Жалпы сомасы 76 млрд. теңгенің 20 меморандумына қол қойылды, 160-тан аса тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіліп, 29 күрделі ота жасалды.Форум «Туған жерге тағзым!» акциясының ауқымын кеңейту үшін қуатты ынталандыру болды. Жыл басынан бері 3,1 млрд. теңгеге әлеуметтік нысандарды көріктендіру, салу, қайта қалпына келтіру бойынша 440 жоба жүзеге асырылды.
Ақтөбе қауіпсіз аймақ…
Мемлекет басшысының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырмасы аясында облыста 2016-2017 жылдары «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жұмыс топтары мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, мамандардың, дәрігерлердің, теологтардың қатысуымен облыс аудандарын аралап, халықпен кездеседі, өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Жоба діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру сұрақтарын түсіндіруге, бизнес ортаны дамытуға бағытталған.Жобаның небәрі үш кезеңі ішінде 320 мың адамды қамти отыра 5 мыңнан астам іс-шара жүргізілді, облыстың 12,5 мыңнан аса тұрғыны нақты көмек алды. Жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде осы жылы құқық бұзушылықтың 27 % немесе 14 мың оқиғадан 10,2 мың оқиғаға төмендегені, соның ішінде кісі өлтіру – 32%, ұрлық – 31%, бұзақылық дерегі – 25%, тонау – 22% азайғаны байқалады.ҚР президентінің «Жүз нақты қадам» ұлт жоспарының транспарентті және есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бөлімінде көрсетілген тапсырмасын орындау шеңберінде АқтөбедеҚазақстандағы алғашқы кеңсе — «Халықтық кеңсе» ашылды. «Халықтық кеңсе» іске қосылысымен ақтөбеліктер енді бір мемлекеттік қызметті алу үшін бірнеше инстанцияны араламайтын болады. Мамандардың тиісті мемлекеттік органдарға жіберуі үшін тапсырыс қалдырса ғана болғаны. Бүгінде мұнда 600-ден аса түрлі қызметтер, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.»
Өндірісі өрге басып келе жатқан мұнайлы аймқтың жылға жуық уақытта атқарған жұмыстары да аз емес екен. Елбасы жүктеген міндеттердің орындалуы да көңіл қуантарлық. Ел экономикасына өзіндік үлесін қосып отырған облыстың алдағы алар асулары көп болғай деп тілейміз.
Ерқазы Сейтқали