Балаға есім таңдауда ескерілетін қағидалар
Балаға жақсы есім қою – ата-ананың міндеті, сондықтан ат қоярда аса ұқыпты болған жөн. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қиямет қайымда әркім аттарыңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса балаларыңа жақсы ат қойыңдар», – деген (Бұхари, Әдеб, 108).
Ұл балдарға пайғамбарлардың, «абд» түбірінен басталатын Алла есімдерін қойған жақсы. Ал қыздарға нәзік, жағымды естілетін, мағыналы есім қойған дұрыс.
Сәбиге есім таңдауда келесі айтылғандар есте сақталуы тиіс:
– адам өмір бойы бір есіммен өмір сүретін болғандықтан, есімі ол адамға ыңғайсыздық тудырмауы тиіс;
– барлық жаста ыңғайлы естілуі үшін айтылуына мән беру керек;
– есім таңдауда әке басты рөл атқарады. Бір хадисте: «Балаға жақсы есім қою – перзенттің әкесіндегі ақыларынан» делінген (Байхақи);
– балаға әкесінің тегі беріледі, тіпті ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен болса да. Анасының тегі тек баланың әкесі кім екені белгісіз болған жағдайда ғана беріледі;
– есімді жануар, ит, мысық аттарымен байланыстырып қоюға болмайды.
«ЕлАна»