Ғалымдар газдалған сусынды неге ішуге болмайтынын айтты

Оңтүстік Африка ғалымдары Endocrine Society журналына жариялаған зерттеулерінде газдалған сусынның адам өміріне қауіпті екенін мәлімдеді.

Мұндай сусынды тұрақты қолдану қант диабетінің екінші типіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келетін метаболизмдік синдромның артуына ықпал етеді.

Мысалы аптасына газдалған сусынның екі құтысын қолдану қант диабетінің екінші типінің туындауына, қан қысымының жоғарылауына душар етеді. Жүргізілген 36 метаанализ зерттеулерінен соң авторлар тәтті суысындарды жиі қолдану өте зиян екенін дәлелдеді.

Мамандар стандартты 0,33 литрлік кока-колада 39 грамм қант бар екенін және ересек адамдар үшін күндізгі уақытта 14 грамнан артық қантты қабылдауға болмайтынын мәлімдеді.

https://baq.kz/kk/news/alem/galimdar_gazdalgan_susindi_nege_ishuge_bolmaitinin_aitti20171103_153500