Голубцы жасап үйренейік!

Бізге керегі:

Болгар бұрышы 10 дана

Фарш 500гр

Күріш жарты стақан

Пияз 2 дана

Сәбіз 1 дана

Томат пастасы

Тұз, бұрыш, май, аскөк

Дайындалуы:
Болгар бұрышын жақсылап тазалап жуамыз. Күрішті жібітіп қоямыз. Фарышты алып, оға майдалап туралған пиязды және күрішімізді салып, тұз бұрыш сеуіп жақсылап араластырамыз. Енді дайын фаршты алып болгар бұрышына нығыздамай саламыз. Қазанымызды алып кішкене май құйып, пиязды майдалап турап ал да сәбізді үккіштен өткізіп қосып, қуырып томат пастасын қосып тұз қосып аз мөлшерде су құямыз. Дайын бұрыштарымызды алып қазанға салып баяу отта пісіреміз.

Дайын болған соң аскөк сеуіп дастарханға қоямыз.