Техникалармен қамтамасыз етеді
Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жаңа кесте жасалды. Аталмыш кесте өңір басшысының орынбасарына арналған. Енді облыс әкімі Ж.Қансейітұлының барлық орынбасарлары өңірдегі аудандарды бекітілген кестеге сай аралайды. Себебі, кестеде әр орынбасардың әр ауданға бару күндері жазылған. Яғни әкімнің орынбасарлары аудан, ауылдарды аралап өздеріне қатысты салалардағы түйткілдерді қарайтын, мәселелерді шешетін болады. Қала берді, атқарылып жатқан жұмыстардың қалай жүзеге асып жатқанын біледі. Сонымен жоба, жоспарлардың қаншалықты дұрыс жасалғанын көздерімен көреді.
Жақында осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмысшы топ іс-сапарға шықты. Олар Отырар ауданына барып бірқатар жұмыстардың барысымен танысты. Алдын бастап Көксарай ауылынан Шеңгелді елді мекеніне тартылған Есіркеп каналын көрді. Әрі Өгізсай мен Бұқарбай сайының бүгінгі жағдайына көз жеткізді. Өйткені оларға Сырдарияның деңгейі көтерілгенде артық су жіберіледі. Су өтетін жердегі көпірге қатысты қосымша жұмыстар атқарылуы тиіс. Ол үшін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов қосымша техникалар қажеттігін айтты. Ал Ербол Садыр қажетті техникалармен қамтамасыз етуге уәде берді.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ.