Кеден саласын жемқорлық жайлаған
Мәжiлiс отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексi туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады. Осы отырыс барысында Қазақстанның кеден қызметiн жайлаған сыбайлас жемқорлық жайлы пiкiрбілдірген мәжiлiсмен Владислав Косарев: «Жергiлiктi атқарушы органдар кеден қызметiмен жұмыс жасамайды.
Бiз жергiлiктi атқарушы органдар атаған кодекстi жүзеге асырудан тыс қалмай, елiмiздiң экспорттық әлеуетiн дамытуға барынша көмектессе екен деймiз. Кедендiк ұйымдарда не болып жатқанын бiлетiн жергiлiктi атқарушы органдардың олардың әрекеттерiне қарсы тұра алмайтыны өкiнiштi.
Мәселен, төмен қызметтегi, тәжiрибесi аз азамат қымбат көлiкпен жүредi, ал екiншi жылы өзiне зәулiм үй салып алады. Сыбайлас жемқорлық бiздiң мойынымызға тас болып жабысты. Сондықтан, кеден қызметiнiң басшылары қызметкерлерi арасында тәрбиелiк жұмысты күшейту керек және ол жоғары деңгейде болуы қажет.
Неге қазiр пара алғандарды қылмыс үстiнде ұстау фактiлерi кең тарап кеттi? Егер әкiм мен кеден органдары сол адамды шақырып алып, «тоқтат, сен кодекстi бұзып, елiмiздi масқаралап отырсың» десе, жемқорлыққа батқан адамдарды түрмеге отырғызбаушы едiк.
Әр халықаралық экономикалық қатынас субъектiсi қызметiнде қауымдастық алдындағы жауапкершiлiктi сезiнуi керек»,— деп»,— деп, өз фракциясының жаңа Кеден кодексiн қолдайтынын айтты.