Қазақстандағы кәсіби мерекелер күні бекітілді
Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі 46 кәсіби мерекелік күнді мақұлдап, жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Әділет» құқықтық акт жүйесінде жарияланды.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардия күні — 10 қаңтар;
2. Алғыс айту күні — 1 наурыз;
3. Жерді пайдалану, геодезия және картография күні — наурыз айының екінші сенбісі;
4. Геологтар күні — сәуір айының алғашқы жексенбісі;
5. Ғылыми қызметкерлер күні — 12 сәуір;
6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір;
7. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні — 21 мамыр;
8. Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары күні — 31 мамыр;
9. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамыр айының соңғы жексенбісі;
10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні — 4 маусым;
11. Экологтар күні — 5 маусым;
12. Полицейлер күні — 23 маусым;
13. Мемлекеттік қызметкерлер күні — 23 маусым;
14. Жеңіл өнеркәсіп өндірушілер күні — маусым айының екінші жексенбісі;
15. Медицина мамандары күні — маусым айының үшінші жексенбісі;
16. Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні — 28 маусым;
17. Дипломатиялық қызметкерлер күні — 2 шілде;
18. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күні — 13 шілде;
19. Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні — шілде айының екінші жексенбісі;
20. Металлургтер күні — шілде айының үшінші жексенбісі;
21. Сауда саласы қызметкерлерінің күні — шілде айының төртінші жексенбісі;
22. Транспорт саласы мамандарының күні — тамыз айының алғашқы жексенбісі;
23. Құрылысшылар күні — тамыз айының екінші жексенбісі;
24. Шекарашылар күні — 18 тамыз;
25. Спорт күні — тамыз айының үшінші жексенбісі;
26. Кеншілер күні — тамыз айының ақырғы жексенбісі;
27. Білім күні — 1 қыркүйек;
28. Мұнай-газ саласы қызметкерлері күні — қыркүйек айының алғашқы жексенбісі;
29. Отбасы күні — қыркүйек айының екінші жексенбісі;
30. Қазақстан халықтарының тілдер күні — 5 қыркүйек;
31. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек;
32. Әділет огандары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек;
33. Машина құрастырушылар күні — қыркүйек айының соңғы жексенбісі;
34. Еңбек күні — қыркүйек айының ақырғы жексенбісі;
35. Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — 6 қазан;
36. Ұстаздар күні — қазан айының алғашқы жексенбісі;
37. Құтқарушылар күні — 19 қазан;
38. Орман шаруашылығы мамандарының күні — қазан айының үшінші жексенбісі;
39. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні — қазан айының соңғы жексенбісі;
40. Қауіпсіздік ұйымдарының қызметкерлері күні — 29 қазан;
41. Сыртқы барлау күні — 5 қараша;
42. Статистика күні — 8 қараша;
43. Ұлттық валюта — теңге күні, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — 15 қараша;
44. Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні — қараша айының үшінші жексенбісі;
45. Прокуратура күні — 6 желтоқсан;
46. Энергетиктер күні — Желтоқсанның үшінші жексенбісі.
http://islam.kz/kk/news/qazaqstan/qazaqstandagy-kasibi-merekeler-kuni-bekitildi-9088/#gsc.tab=0