Ауылшаруашылығы министрлігінің вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 6 қарашасындағы  № 715 Қаулысымен  Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы 1978 жылы 13 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1999 жылы «Қайнар» университетін, 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Акадимиялық иннновациялық университетін  бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік  мәселелер бойынша проректор қызметінен бастаған.

2007-2010 жылдар аралығында «Оңтүстік» ӘКП» ҰК» АҚ-да менеджер, бас менеджер, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.

2010-2011 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

2011-2012  жылдар аралығында «Максимум» аумақтық инвестициялық орталығы бас директорының орынбасары.

2012-2013 жылдар аралығында  ОҚО кәсіпкерлерлерге қызмет көрсету орталығының директоры.

2013-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Кәсіпкерлер палатасының директоры.

2014 жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.