Журналистерге жауап бермеген шенділердің жалақысы кесілуі ғажап емес
Мәжілісте Ақпарат және коммуникациялар туралы заң жобасына енгізілген өзгерістерді таныстырған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевв: «БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру мерзімін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Жаңа заң жобасында мемлекеттік органдар тілшілердің ресми сауалдарына қазіргідей үш күнде емес, 15 күн ішінде жауап беруге құқылы делінген. Алайда депутаттардың өзі екі аптада кез келген ақпараттың ескіріп кететінін айтып, бұл мерзімді қайта қарауды ұсынды.
Бұл мәселе қазір үкіметте қарастырылуда. Біз жұмыс тобында қарадық, қысқартамыз деп айтуға толық мүмкіндік бар-жоғы белгісіз, бірақ ол мәселе бір апта ішінде белгілі болады. Журналистердің сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі ғажап емес»,— деп сендірді.