Ғалымдар қартаюды тежейтін өнімді тапты…

Ақ саңырауқұлақтарды жиі жеу арқылы жастық қалыпты сақтап қалуға  болатынын америкалық ғалымдар зерттеген. Олардың құрамында қартаюды тежейтін екі антиоксидант бар деп жазады РИА Новости.

Екі антиоксидант: эрготионеин мен глутатион қартаю процесін тежейтін мүмкіндікке ие. Осы екі антиоксидант саңырауқұлақтардың барлық түрінде әр түрлі дәрежеде бар болып шыққан. Олардың ең көп мөлшері ақ саңырауқұлақтарда екені белгілі болды. Ал басқа саңырауқұлақ түрлерінде, мысалы шампиньондарда антиоксиданттар саны едәуір аз болған.

http://www.qamshy.kz/article/ghalimdar-qartaywdi-tezheytin-onimdi-tapti.html