Мәжіліс депутаты Перуашев жер қойнауын пайдаланудағы пара беру мен жемқорлық жайында мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында пара беру мен корпоративтік жемқорлық жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz корреспонденті.
Парламенттің төменгі палатасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілетін түзетулер талқыланды.
«Ең алдымен жергілікті қамту мәселелері бойынша осы заң жобасына сұрақтар бар. Аталмыш заң жобасында ресми түрде жарияланған ашықтық, айқындық және бәсекеге қабілеттілік мәлімдемелерінің бәріне бірқатар наразылық пен күмән туындап отыр. Мысалы, қазақстандық қамту жайлы ақпаратты құпия мәліметтер қатарына жатқызу ұсынылуда. Не себепті? 2002 жылдан бастап кен өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастама болды — Қазақстан 2005 жылдан бастап осы бастамаға қосылды. Шетелдік және біздің жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті жабдықтарды, тауарларды сатып алу талаптарын қаншалықты орындайтынын қоғам білуге толық құқылы, жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылдана ма?», — деп атап өтті Азат Перуашев.
Депутат елдегі кез-келген ірі жер қойнауын пайдаланушылар төңірегінде сырттан ешкімді жолатпайтын, жабдықтаушылар мен мердігерлердің дәстүрлі пулы қалыптасқандығы туралы айтты. «Онда пара беру орын алады, корпоративтік жемқорлық та орын алады, ол туралы да айту керек. Онда қарапайым бәсекелестікті шектеу және аффилирлену орын алуда.
Егер біз қазір, осы мәселелерді реттеу функцияларын қандай да бір қауымдастыққа бағыттасақ, онда дәл осы жерде айтамын бұл — корпоративтік жемқорлықты заңдастыру», — деді мәжілісмен.
Толығырақ: Tengrinews.kz https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/otkatyi-korporativnaya-korruptsiya-peruashev-nedropolzovanii-330520/