Маңғыстауда «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» өз жұмысын қорытындылады  

 

Ақтауда «Жастар керуені» жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайды.

Республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес аталмыш көш өз жұмысын он бес күн бұрын, яғни 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан бастаған.

Керуен Маңғыстау облысының 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді, оның ішінде шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жобаның негізгі мақсаты – аймақ тұрғындарына мемлекеттік саясатты түсіндіру, жастарды қолдау, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және өзекті мәселелер бойынша жастарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету болды.

Керуенді өткізу арқылы «Қазақстан-2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі ҚР  мемлекеттік  жастар  саясатының  тұжырымдамасын іске асырудың  және мемлекет  басшысының   — «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласын  іске  асырудың  негізгі  бағыттарын  көрсету көзделді.

Керуен мемлекеттік  жастар  саясатын іске  асыру  мәселелерінде  ведомствоаралық өзара  іс-қимылдың  тиімді  моделін қалыптастыруды,  өңірлердегі  жастармен  жүйелі  жұмыс  істеуді  жолға қою мақсатын орындауға бағытталды.

Керуен жұмысы өңірдегі өзекті деген бірнеше мәселені шешуге бағытталған.

  • жастарды жұмыспен қамту;
  • тұрғын үй алуға жәрдемдесу  және  жатақханамен қамтамасыз ету;
  • діни экстремизм  мен терроризмнің    алдын  алу;
  • кәсіптік бағдар беру;
  • жастардың бизнес бастамашылдығын қолдау;
  • цифрлы технологияларды түсіндіру;
  • патриоттық тәрбие  мен   еріктілік;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Облыстың 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді қамтыған (Ақтау қаласын қоспағанда)«Рухани жаңғыру – жастар керуені» аясындағы шараларға  5000 жуық жастар қатысты. 4000 жуық жас жоғарыда аталған бағыттар бойынша консультациялық кеңестер алды.

Айман Нұрмағанбет