Домбыра мен балалайка
Ақындар Шәміл Мұхаметжанов пен Қадыр Мырзалиев қалжыңдаса береді екен. Бір күні Шәміл Қадырдың өлеңін оқып отырады да:
«Нағыз қазақ — қазақ емес;
Нағыз қазақ — домбыра», — деген жолдарға кеп тоқтай қалады.
Қадыр да елең етіп: «Е, ары қарай неге оқымайсың, неге үнсіз қалдың?» — дейді оған.
Сонда Шәміл:«Нағыз қазақ — қазақ емес,
Нағыз қазақ — домбыра»
Дедің-ау сен…
Бала, байқа!
Нағыз орыс — орыс емес,
Нағыз орыс — балалайка! — деген екен.