Солтүстікте жаңа жылдық шыршаға қаржы бөлінбейді
Биыл Петропавлда жаңажылдық шырша орнатуға және көшені безендіруге қаражат бөлінбейтін болды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов үнемделген қаржы басқа мақсатқа жұмсалатындығын айтып отыр, — деп хабарлады Baq.kz.
Облыстық әкімдіктің отырысында Құмар Ақсақалов қала басшылығына бұл мақсатқа бюджет есебінен бір тиын да шығындамауды тапсырды. Жаңажылдық безендіру әшекейлерін қайта қолдану – бұл мәселенің ең тиімді шешімі екен.
«Қалада былтырғы шыршалар, иллюминациялар мен шамдар бар. Соларды қолдану керек. Мұз қалашықтарын демеушілердің көмегімен салуға болады. Бізге бюджеттік қаражатты жұмсау тәжірибесін тоқтатқан жөн», — деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының Құмар Ақсақалов.