Нығматулин: Бюджеттің әрбір тиыны қатаң бақылауда болуы керек

Жүрегіне ота жасалғаннан кейін алғаш рет Мәжіліс отырысына қатысқан Нұрлан Нығматулин бірқатар министрлерге сын айтты. Мәжіліс спикері бұл ретте Қазақстанда табысты түрде жұмыс жасап жатқан отандық және шетелдік компаниялар жұмысын салыстырып өтті

Мәжілістің жалпы отырысында кейбір конституциялық заңдарға түзетулер енгізуге қатысты заң жобасын талқылау барысында республикалық бюджет қаржыларын қатаң бақылау жағдайы сөз болды.

Заң жобасы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығына бөлінген республикалық бюджет қаржыларын тиімді және мақсатты түрде пайдалану тәртібі АХҚО Басқармасы мен Қаржы министрлігінің бірлескен актісі бойынша анықталатыны көзделген.

Осыған орай депутат аталған орталық қызметінен бөлінетін мемлекеттік қаржыны бақылау жайына алаңдаушылық білдірді.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин АХҚО өкіліне орталыққа қаржыны тиімді пайдалануды ескертті.

«Ешкімде әсіресе, АХҚО орталығы басшылығында орталықтың өз бетінше қызмет етуіне мүмкіндік беру, мемлекеттен бөлінген қаржыны бақылау жауапкершлігінен босатады деген ой болмауға тиіс. Орталыққа бөлінген қаржының мақсатты пайдалануы үнемі Есеп комитетінің бақылауында», — деді мәжіліс төрағасы.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сот жүйесі, мемлекеттік рәміздер, Конституциялық кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

 Спикер сөзге бар,іске жоқ министрлердіде сынады Келісімшартқа отырып алып, кейін ондағы барлық талаптарды орындамайтын мердігер компанияларды сынға алған спикер:  «Бізде қазір қалай, түрлі мердігер компаниялар демпингтік бағалар көрсетілген келісімшарт жасап алады да, кейін ондағы талаптарды орындамай, жалтарып шыға келеді және мұндай жағдайлар құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық кешен және т.б. салаларда жиі орын алып жүр. Бұған қоса, әлгіндей мердігерлер атқаратын жұмыстарына қаражаттарын жеткізе алмай, қосымша  қаражат сұрайтындары тағы бар. Нәтижесінде, көрсетілетін қызметтің бағасы шарықтап шыға келеді және өкініштісі, мұндай жайттар жыл санап белең алып келеді»,— деді. Мәжіліс төрағасы аталған мәселені шешу үшін құзыретті органдар бірқатар шараларды қолға алу қажеттігін атап өтіп: «Үкіметке, әсіресе, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне аталған мәселені қолға алатын уақыт жеткен шығар, қалай ойлайсыздар? Келіссеңіздер, онда іске кірісу керек. Осылай мәселе көтерілген уақытта ғана, бастарыңызды изейсіздер, бірақ іс жүзінде жұмыс жасамайсыздар»,— деп, қос министрді сынып, біраз мүйіздеп алды.
Сонымен қатар бүгін парламент депутаттары 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.

https://baq.kz/kk/news/ekonomika/nigmatulin_budzhettin_arbir_tiini_katan_bakilauda_bolui_kerek20171122_112500