Күле отырыңыз!
Бір толық әйел фейримен жуынып жатыр екен. Содан үйіне құрбысы келіп:
-Ей, сен жындысың ба, фейримен ыдыс жуады ғой?! – десе, жуынып жатқан әйел:
— Фейри майды кетіреді,- деп естідім депті.
*************************************************************************
- Үйленер алдын тақыр кедей екеніңді неге айтпадың, албасты?
- Неге айтпадым? Айттым ғой. «Барым да, бағым да – сенсің!» деп, мұны романтика деп ойлап қалдың ба?