Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды. Лауазымды қызметтің тізгінін Ғалымжан Ниязов ұстады. Жаңа әкімді қала әкімшілігіне Ералы Тоғжанов таныстырды.
Ғалымжан Мұқырұлы Маңғыстау облысы, Шетпе селосында 1973 жылы 14 сәуірде дүниеге келген.
2000 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университетін, 2008 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік және инжиниринг университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған.
2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы құрылыс басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласында «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім басшысы, басқарушы директор, департамент директоры болып қызмет етті.
Осы жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметінде болды.
Шаһар тізгінін ұстаған әкім ел игілігі үшін аянбай қызмет етуге дайын екендігін жеткізді.
-Маған сенім артқандарыңызға үлкен рахмет. Бұл қызмет мен үшін зор жауапкершілік деп білемін. Елбасының сенімін, халықтың сенімін ақтаймын. Абыройлы қызмет етуге бар күш жігерімді арнаймын, ¤д¤еді қала тізгінін ұстаған Ғалымжан Ниязов.
Айман Нұрмағанбет