ОҚО-дағы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіп, тамшылатып суару әдісі 624 гектарда қолданылуда. Бұл жетістіктерді алдағы жылда да арттыра түсу үшін, ауданың потенциалын барлық салада тиімді пайдалуымыз қажет. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесіне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Өңір басшысы ауданға іссапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен де танысты. Соның бірі – Мұхтар Оразалиев атындағы «Ұлан» спорт кешені болатын. Жобалық құны 120 млн теңгені құрайтын кешен еліміздегі барлық жастағы аяқдопшылар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Жалпы алаңы 1,5 гектарды құрайтын нысанда екі үлкен, 2 кіші футбол алаңшалары жұмыс істейді. Мұнда жас спортшылардың жыл он екі ай спортпен шұғылдануына барлық мүмкіндіктер қарастылған. 2011 жылы іске қосылған кешеннің жайлы қонақ үйі, спортпен шұғылдану және жуынатын бөлмелері де бар.Облыс әкімі жас спортшыларды баулуға үлес қосып отырған кешеннің жұмысына оң бағасын беріп, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына да қолғабыс білдіріп тұруға кеңес берді.
Мұнан соң облыс әкімі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде несие алған жеке кәсіпкер Улугбек Ирсалиевтің шаруашылығына атбасын бұрды. Мал шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер таяуда «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 5 млн теңге несие алыпты. Ол қаржыға 34 бас мал сатып алып, бордақылапты. Бүгінде оның қорасында 20 бас ірі қара мал бар. Небәрі 14 соттық үй іргелік жер телімін тиімді пайдаланып отырған кәсіпкерді жұмысына разы болған әкім облыстың өзге тұрғындарына үй іргелік кәсіптің тиімділігін үйренуге шақырды.
«Қандай керемет. Үйіңіздің ауласы тар боласа да, тап-тұйнақтай. Кішкентай ғана аулада бау өсіріп, мал бордақылап табыс тауып отырсыздар. Сондықтан облыстың өзге тұрғындарын осындай ұсақ шаруашылықтарды ертерек меңгеруге шақырамын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Өңір басшысының назарынан «Өрлеу» жобасы аясында 312 мың теңге көлемінде демеу қаржы алған кәсіпкер Нұржан Балабековтің тігін цехы да тыс қалған жоқ. Бұл қаржыға ол тігін машинасы мен жіп құралдарын сатып алыпты. Мұнда қазір қыз жасауына аса қажетті оюлы көрпе-төсек жабдықтары әзірленуде.