Оңтүстік Корея тарапы Қазақстан азаматтарына қатысты елге кіру талабын күшейтті
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Осыған байланысты, Министрлік туристтік ваучер немесе әуе билеттерін сатып алушы әрбір азаматқа Корея аумағына өткізілмей, кері қайтарылуы мүмкіндігін алдын-ала ескертеді.
ҚР СІМ ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы 2014 жылғы 19 маусымда қол қойылған виза талаптарынан өзара бас тарту туралы келісімге сәйкес, тараптар азаматтарының 30 күнге дейін бір-бірінің аумағында болу тәртібі белгіленген. Осыған орай, визасыз ем қабылдау, туристік жеке және т.б. мақсатпен Кореяға келетін Қазақстан азаматтарының саны арта түсуде.
Сонымен қатар, аталған Келісім күшіне енгелі бері Оңтүстік Корея аумағына табыс табу мақсатымен жұмыс істеуге келетін Қазақстан азаматтарының ағыны көбеюде. Қазіргі таңда Кореяда Қазақстанның 6900 азаматы тіркелген, оның ішінде 1580-і заңсыз мигранттар ретінде есепке алынған.
Осыған байланысты, Корея тарапы Қазақстан азаматтарына қатысты елге кіру талабын күшейтті. Елдің халықаралық әуежайларының шекара бекетінен өту кезінде шекара қызметкерлері шетелдіктердің келу мақсатын анықтау үшін олармен қатаң тәртіпте сауалдар жүргізеді. Осыған қоса, соңғы уақытта туристік ваучер, керу кайту билеті, тіпті тиісті визасы болуына қарамастан, Кореяға ұшып келген кейбір ҚР азаматтары шекарадан өткізілмей, кері депортациялануда, біздің азаматтарымыз елеулі қаржылай шығынға батуда.
Кореяның аумағында заңсыз жүрген қазақстандықтардың көбеюінен шын мәнінде ем алу, туристік және іскерлік мақсатпен келетін өзге ҚР азаматтарының аталған елге кіруіне бөгет болуда. Сонымен бірге қалыптасып отырған бұл жағдай Қазақстанның халықаралық имиджіне елеулі нұқсан келтіруде.